Бюджетке 350 млн теңгеге жуық салық төлемеген күдікті көрші елден экстрадицияланды

Ақша, калькулятор - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Жазылу
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Бас прокуратура экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады.
2023 жылы күдікті мүліктік пайда табу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру схемасын ұйымдастырған.
"Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекет бюджетіне 350 млн теңгеге жуық салық төлемеу түрінде залал келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың наурыз айында ол Бішкекте ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, дейді прокуратурада.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2026
Тұрғын үй құрылысына арналған қаражатты жымқырған түрік азаматы экстрадицияланды
Жаңалықтар
0