https://sputnik.kz/20260219/astanalyq-darigerler-ata-analarga-undeu-zhasady-61291127.html
Астаналық дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады
Астаналық дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Астанада дәрігерлер ата-аналарды балаларын қызылшаға қарсы уақытылы вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми... 19.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-19T16:58+0500
2026-02-19T16:58+0500
2026-02-19T16:59+0500
қызылша
вакцина
дәрігер
үндеу
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861339_0:178:3010:1871_1920x0_80_0_0_7947956c7af0a71a8f21b6fec198b50a.jpg
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Астанада дәрігерлер ата-аналарды балаларын қызылшаға қарсы уақытылы вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Роза Өтегенованың айтуынша, 2025 жылдың қазан айынан бастап елордада қызылшамен ауыратын науқастар саны артқан.Қазіргі уақытта стационарда қызылша диагнозымен 50-ден астам бала ем қабылдап жатыр. Олардың басым бөлігі – бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері де бар.Қызылша – вакцина арқылы алдын алуға болатын инфекция.Оның айтуынша, қызылша ауа-тамшы жолымен тарайды және науқаспен байланыс кезінде жұқтыру ықтималдығы өте жоғары.Маманның сөзінше, қызылшаға қарсы алғашқы екпе балаларға бір жасында салынады. Бұл – қызылша, қызамық және паротитке қарсы біріктірілген вакцина. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің алты айлық жастан бастап балаларды қосымша иммундау туралы қаулысы күшінде.Аурухана мамандары ата-аналарды вакцинацияны кейінге қалдырмай, балаларды қауіпті инфекциялардан уақытылы қорғауға шақырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861339_141:0:2870:2047_1920x0_80_0_0_f71ea3a3d9ea057a9628401fcaa028ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша, вакцина, дәрігер, үндеу
қызылша, вакцина, дәрігер, үндеу
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Астанада дәрігерлер ата-аналарды балаларын қызылшаға қарсы уақытылы вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
№3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Роза Өтегенованың айтуынша, 2025 жылдың қазан айынан бастап елордада қызылшамен ауыратын науқастар саны артқан.
"2025 жылдың қазан айынан бері қызылша диагнозымен түсетін науқастар саны көбейді. Госпитализацияның ең жоғары көрсеткіші 2025 жылдың қараша-желтоқсан айларына сәйкес келді. Биылғы қаңтардан бастап төмендеу байқалғанымен, бұл диагнозбен балалар әлі де түсіп жатыр", – деді ол.
Қазіргі уақытта стационарда қызылша диагнозымен 50-ден астам бала ем қабылдап жатыр. Олардың басым бөлігі – бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері де бар.
Қызылша – вакцина арқылы алдын алуға болатын инфекция.
"Егер бала екпе алмаған болса, инфекция өте жұқпалы. Қызылша асқынуымен қауіпті – бронхит, әртүрлі деңгейдегі пневмония, басқа ағзалардың зақымдануы болуы мүмкін. Әсіресе орталық жүйке жүйесіне әсер ететін асқынулар өте қауіпті", – деп түсіндірді Роза Өтегенова.
Оның айтуынша, қызылша ауа-тамшы жолымен тарайды және науқаспен байланыс кезінде жұқтыру ықтималдығы өте жоғары.
Маманның сөзінше, қызылшаға қарсы алғашқы екпе балаларға бір жасында салынады. Бұл – қызылша, қызамық және паротитке қарсы біріктірілген вакцина. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің алты айлық жастан бастап балаларды қосымша иммундау туралы қаулысы күшінде.
"Өкінішке қарай, мұндай ерте жаста вакцина алғандардың үлесі әлі де төмен. Бұл ата-аналардың бала денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру қажет екенін көрсетеді", – деді дәрігер.
Аурухана мамандары ата-аналарды вакцинацияны кейінге қалдырмай, балаларды қауіпті инфекциялардан уақытылы қорғауға шақырады.