Ақтөбе соты Qarakesek-ке үкім шығарды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Ақтөбе соты Qarakesek атымен танымал рэперге үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сотталушы сату мақсатынсыз психотроптық затты заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп танылды.
"Сот оған есірткіге тәуелділікті мәжбүрлеп емдеуді қолдана отырып, 100 сағаттық қоғамдық жұмыс түрінде жаза кесті", - дейді Ақтөбе облыстық соты.
Еске сала кетейік, Qarakesek былтыр қыркүйекте ұсталған болатын. Мас күйде болған одан 0,26 грамм есірткі заты табылған.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Ақтөбеде танымал рэпер ұсталды
Жаңалықтар
0