Шымкентте сот приставын ұрған тұрғын 3,5 жылға сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 18 ақпан – Sputnik. Шымкентте сот отырысына қатысуға келіп, сот приставын ұрып тастаған тұрғын сотталды, деп хабарлайды қалалық сот.
Іс Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып - Қылмыстық кодекстің 380-бабы 4-бөлігінің 3) тармағымен "Билік өкілінің - сот приставының өз қызметтік міндетерін орындағыны үшін адамдар тобы арқылы қорқытып және оның денсаулығына қауіпті емес күш қолдану".
Оқиға былтыр тамызда болған.
"Е. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының ғимаратына таныстарымен бірге сот отырысына қатысу мақсатында келген. Алайда сот приставы оларға сот залына кіргізе алмайтынын түсіндірген. Осыған қарамай, куә М. мүгедектігі бар тұлғаларға арналған есіктің қақпасын ашқан. Сол сәтте сотталушы және оның таныстары рұқсатсыз әрі заңсыз түрде әкімшілік сот ғимаратына кірген", - дейді сот.
Осы уақытта қызметтік міндетін атқарып жүрген билік өкілі - сот приставы, жәбірленуші Б. оларды тоқтатуға тырысқан. Алайда олар сот приставының заңды талаптарына бағынбай, сот мәжіліс залына кіру мақсатында жәбірленушіге соққы жасаған. Кейін оны сот ғимаратынан күштеп сыртқа алып шығып, адамдар тобы болып дене жарақатын салған.
"Осы кезде сотталушы Е. сот ғимаратынан бөлек шығып, соттың іргелес аумағымен келе жатып, таныстарының жәбірленушіні ұрып жатқанын көрген. Ол олардың жанына барып, жәбірленушінің арт жағынан жақындап, бетіне жұдырықпен соққы жасаған", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен сот приставын ұрған адам кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0