Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Швейцария Украина бойынша келіссөздің жаңа кезеңін өткізуге дайын екенін мәлімдеді

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуЖенева
Женева - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 18 ақпан – Sputnik. Швейцария тараптар ниет білдірсе, Украина бойынша келіссөздің келесі раундын өткізуге дайын, деп хабарлады елдің Сыртқы істер министрлігі.
"Иә, егер тараптар қаласа, біз дайынбыз", – деді ведомствоның ресми өкілі Николя Бидо.
Украина мәселесін реттеу бойынша Женевадағы келіссөз сәрсенбі күні аяқталды және әрі қарай жалғаспайтыны бұрын хабарланған еді. Келіссөз қорытындысы бойынша ешқандай құжатқа қол қойылмаған.
Женевада 17–18 ақпанда Украинадағы жағдайды реттеу жөнінде келіссөз өтті. Ресей делегациясын президенттің көмекшісі Владимир Мединский бастап барды. АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен президенттің күйеубаласы Джаред Кушнер де кездесуге қатысқан.
Премьер-министр Эстонии Кая Каллас - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Кая Каллас Украина бойынша келіссөздегі Еуроодақ басымдықтарын қайта қарады
Жаңалықтар
0