https://sputnik.kz/20260217/turkistanda-15-zhastagy-qyzdyn-asqazanynan-salmagy-bir-kelige-zhuyq-shash-shyqty-61230988.html
Түркістанда 15 жастағы қыздың асқазанынан салмағы бір келіге жуық шаш шықты
Түркістанда 15 жастағы қыздың асқазанынан салмағы бір келіге жуық шаш шықты
Sputnik Қазақстан
Ота екі сағат елу минутқа созылды 17.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-17T15:30+0500
2026-02-17T15:30+0500
2026-02-17T18:49+0500
түркістан
шаш
аурухана
бала
https://sputnik.kz/img/07ea/02/11/61229700_0:97:1009:664_1920x0_80_0_0_4a65b85427178ba184cfa6866699a08d.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Түркістан қалалық балалар ауруханасында сирек кездесетін әрі аса күрделі ота сәтті жасалды, деп деп хабарлады облыс әкімдігі.15 жастағы қыздың іші ауырып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемді бөгде зат анықталған. Дәрігерлер шұғыл күрделі хирургиялық ота жасады. Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынды. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар медицинада өте сирек кездеседі және дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.
https://sputnik.kz/20250731/zhambyl-oblysynda-boyzhetkennin-asqazanynan-tygyzdalgan-shash-tuyini-alyndy-56064950.html
түркістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/11/61229700_23:0:983:720_1920x0_80_0_0_03d0938a00509dee57b6841e6afd919d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан, шаш, аурухана, бала
түркістан, шаш, аурухана, бала
Түркістанда 15 жастағы қыздың асқазанынан салмағы бір келіге жуық шаш шықты
15:30 17.02.2026 (жаңартылды: 18:49 17.02.2026) Ота екі сағат елу минутқа созылды
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Түркістан қалалық балалар ауруханасында сирек кездесетін әрі аса күрделі ота сәтті жасалды, деп деп хабарлады облыс әкімдігі.
15 жастағы қыздың іші ауырып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемді бөгде зат анықталған.
Дәрігерлер шұғыл күрделі хирургиялық ота жасады. Нәтижесінде науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынды.
"️Ота екі сағат елу минутқа созылды. Хирургиялық бригада, анестезиологтар және орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарып, отаны сәтті аяқтады. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайлар медицинада өте сирек кездеседі және дер кезінде көмек көрсетілмеген жағдайда ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін.