Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинаны келіссөздер үстеліне тезірек отыруға шақырды

© Sputnik / Сергей Бобылев / Медиабанкке өтуПрезидент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2026
Жазылу
Трамп Женевада өтетін келіссөздерді оңай деп сипаттады
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаның Ресеймен қақтығысты реттеу үшін келіссөздер үстеліне тезірек отыратын уақыт келді деп мәлімдеді.

"Украина келіссөздер үстеліне тезірек келгені жөн. Мен тек осыны айтқым келіп тұр", - деді Трамп журналистерге.

Сонымен қатар Трамп Женевада өтетін келіссөздерді оңай деп сипаттады. Бірақ ол бұл келіссөздер өте маңызды екенін де айтты.
"Бұл өте маңызды", - деді АҚШ президенті.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша талқылаулар 17-18 ақпанда жалғасатынын растады.
Женевадағы Ресей делегациясын президенттің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. АҚШ тарапынан Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер де Женевадағы кездесуге қатысады.
Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты реттеуге белсене қатыспағаны үшін БҰҰ-ны сынға алды
Жаңалықтар
0