https://sputnik.kz/20260217/toqaev-qyrgyzstan-prezidentimen-telefon-arqyly-soylesti-61231926.html
Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Sputnik Қазақстан
Садыр Жапаров Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді 17.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-17T16:20+0500
2026-02-17T16:20+0500
2026-02-17T16:23+0500
қасым-жомарт тоқаев
қырғызстан
президент
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43775174_0:92:1280:812_1920x0_80_0_0_62f1db723b46ca95244e8bc38b074237.jpg
АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.Президент қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті. ️Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды. Қырғызстан президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді. Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде ортақ пікірде екенін жеткізді. Тоқаев Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдіріп, Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтауға, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады.
https://sputnik.kz/20250617/qyrgyzstan-prezidenti-sadyr-zhaparov-astanaga-keldi-54744899.html
қырғызстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/13/43775174_38:0:1243:904_1920x0_80_0_0_1cc4f2d5f455781041fe61df673df6fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қырғызстан, президент
қасым-жомарт тоқаев, қырғызстан, президент
Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
16:20 17.02.2026 (жаңартылды: 16:23 17.02.2026) Садыр Жапаров Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді
АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Президент қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.
️"Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды. ️Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады", - делінген хабарламада.
️Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл жаңғырту мемлекеттің қарыштап өркендеуіне негіз қалайды.
Қырғызстан президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді. Мемлекеттер басшылары өңірлік ынтымақтастық мәселелері жөнінде ортақ пікірде екенін жеткізді.
Тоқаев Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдіріп, Садыр Жапаровтың ел бірлігін сақтауға, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады.