Маңғыстау облысында сарбаз оқ жарақатынан көз жұмды

© Sputnik / Игорь Подгорный / Медиабанкке өтуМаңғыстау облысында сарбаз көз жұмды
Маңғыстау облысында сарбаз көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.02.2026
Жазылу
Оқиға жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде болған
АСТАНА, 17 ақпан - Sputnik. Маңғыстау облысына қарасты Бейнеуде сарбаз көз жұмды.
Оқиға бүгін полигонда жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде болған.
Құрлық әскерлері "Батыс" өнірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаруды пайдалану барысында оқ жарақатынан қайтыс болды.
"Осы факті бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - дейді Қарулы күштер құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия барды.
Оқиғаны Бас прокуратура назарына алды.
Өз-өзіне оқ атқан: Өскемен гарнизонында сарбаз қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.01.2026
Өз-өзіне оқ атқан: Өскемен гарнизонында сарбаз қайтыс болды
Жаңалықтар
0