https://sputnik.kz/20260216/zhana-konstitutsiya-zhobasyna-arnalgan-sayt-iske-qosyldy-61200101.html
Жаңа Конституция жобасына арналған сайт іске қосылды
Жаңа Конституция жобасына арналған сайт іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Сайтта негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланды 16.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-16T12:19+0500
2026-02-16T12:19+0500
2026-02-16T12:19+0500
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61200146_0:0:1200:675_1920x0_80_0_0_9a34e964d8f9e86de28559c3bd476253.jpg
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Жалпыхалықтық референдумға арналған referendum2026.kz сайты іске қосылды.Онда негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланды. Сонымен қатар мұнда өзекті материалдар, сарапшылардың пікірлері және Коалицияның өңірлердегі жұмысына қатысты жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады.Платформаның құрылымы пайдаланушыларға ондағы мәліметтерді оңай бағдарлап, алдағы дауыс беруге қатысты сұрақтарына жауап табуға ыңғайлы етіп жасалған.Түсіндіру материалдарынан бөлек, сайтта Конституцияның мәні мен оның қоғам өміріндегі рөлін тереңірек ұғынуға көмектесетін тақырыптық материалдар, видеоконтент және интерактивті форматтар ұсынылған.Сондай-ақ сайтта 2026 жылдың 15 наурызында өтетін алдағы референдум туралы ақпарат бар. Құжат мақұлданса, 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді. Дәл осы күні Қазақстанның қазіргі парламенті отставкаға кетеді деп жоспарланған.Құрылтайға (бір палаталы жаңа парламент) сайлауды президент бір ай ішінде жариялап, Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде өткізуі тиіс.
https://sputnik.kz/20260211/15-nauryzda-zhana-konstitutsiya-boyynsha-respublikalyq-referendum-otedi---prezident-zharlygy-61086628.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61200146_134:0:1067:700_1920x0_80_0_0_c8768bff1be3b003ad03897c6c887346.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстанның жаңа конституциясы
қазақстанның жаңа конституциясы
Жаңа Конституция жобасына арналған сайт іске қосылды
Сайтта негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланды
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Жалпыхалықтық референдумға арналған
referendum2026.kz сайты іске қосылды.
Онда негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланды.
Сонымен қатар мұнда өзекті материалдар, сарапшылардың пікірлері және Коалицияның өңірлердегі жұмысына қатысты жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады.
Платформаның құрылымы пайдаланушыларға ондағы мәліметтерді оңай бағдарлап, алдағы дауыс беруге қатысты сұрақтарына жауап табуға ыңғайлы етіп жасалған.
Түсіндіру материалдарынан бөлек, сайтта Конституцияның мәні мен оның қоғам өміріндегі рөлін тереңірек ұғынуға көмектесетін тақырыптық материалдар, видеоконтент және интерактивті форматтар ұсынылған.
Сондай-ақ сайтта 2026 жылдың 15 наурызында өтетін алдағы референдум туралы ақпарат бар. Құжат мақұлданса, 2026 жылдың 1 шілдесінде күшіне енеді. Дәл осы күні Қазақстанның қазіргі парламенті отставкаға кетеді деп жоспарланған.
Құрылтайға (бір палаталы жаңа парламент) сайлауды президент бір ай ішінде жариялап, Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде өткізуі тиіс.