Жамбыл облысында өлімі расталған әйел тірі болып шықты

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуЖамбыл облысында қаза болды деп танылған әйел тірі болып шықты
Жамбыл облысында қаза болды деп танылған әйел тірі болып шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
Жазылу
Жоғалып кеткен зейнеткердің денесін баласы танып, қайтыс болғаны туралы растаған
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында жоғалып кеткен тұрғын тірі болып шықты.
Зейнеткер 2024 жылдың тамызында әпкесімен бірге тұруға Тараз қаласына барып, 2025 жылы Құрбан айт мерекесі өткеннен кейін жоғалып кеткен.
Бұл туралы полицияға оның әпкесі хабарлаған. 2025 жылдың тамызында ауылдағы өрістен мәйіт табылып, денені жоғалған адамның ұлы танып, қайтыс болғаны туралы куәлік берілген.
Алайда, осы жылдың қыркүйегінде қайтыс болды деп танылған зейнеткер Жамбыл ауданы Қостөбе ауылындағы ағасының үйіне барады.
"Анықталғандай зейнеткер Құрбан айт мерекесінен кейін Айша бибі ауылына барып, пияз жинауға жұмысқа орналасқан. Сол жерде бірге жұмыс істеген әйелдің үйінде тұрады. Кейінірек, зейнетақы төлемдерінің түсуі тоқтатылғаннан кейін, себебін анықтау мақсатында Таразға барып, қайтыс болды деп танылғанын білген", - дейді сот.
Жамбыл аудандық сотының шешімімен қайтыс болу туралы куәлік жарамсыз деп танылып, акт жазбасы жойылды.
Ал табылған мәйіт басқа адамның денесі екені анықталды. Полиция денені эксгумация жасап, қайтыс болған адамның кім екені анықталып, қылмыстық іс тоқтатылды.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2026
Ақмола облысында жоғалған 7 баланың әкесі әлі табылмады - туыстары не дейді
Жаңалықтар
0