https://sputnik.kz/20260216/toqaev-sumo-baluany-erkin-baltaguldy-ii-darezheli-barys-ordenimen-marapattady-61206140.html
Тоқаев сумо балуаны Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады
Тоқаев сумо балуаны Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 ақпан-Sputnik. Ақордада Тоқаев сумо кәсіпқой балуаны Ерсін Балтағұлды қабылдады. 16.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-16T13:23+0500
2026-02-16T13:23+0500
2026-02-16T13:25+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61205114_27:72:1195:729_1920x0_80_0_0_93f27b8c3aa47342e51ab6da707f2d9b.jpg
АСТАНА, 16 ақпан-Sputnik. Ақордада Тоқаев сумо кәсіпқой балуаны Ерсін Балтағұлды қабылдады.Бұл олардың екінші кездесуі, біріншісі Жапонияда Қазақстан президентінің сапары кезінде өтті.Президент спортшының былтыр Император кубогында "маэгашира" атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша "Канто-се" (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады. Ол шет мемлекеттерде елімізді әлемге танытып жүрген жастарымыздың көбейіп келе жатқанын, мемлекеттің таланттар мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ерсін Балтағұл президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатуға және Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.
https://sputnik.kz/20251218/toqaev-zhaponiya-premer-ministri-sanae-takaichimen-kezdesti-59701167.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/10/61205114_96:54:1142:839_1920x0_80_0_0_68a83666c9d35148f98fc74b2998faea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев сумо балуаны Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады
13:23 16.02.2026 (жаңартылды: 13:25 16.02.2026) АСТАНА, 16 ақпан-Sputnik. Ақордада Тоқаев сумо кәсіпқой балуаны Ерсін Балтағұлды қабылдады.
Бұл олардың екінші кездесуі, біріншісі Жапонияда Қазақстан президентінің сапары кезінде өтті.
Президент спортшының былтыр Император кубогында "маэгашира" атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша "Канто-се" (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.
Ол шет мемлекеттерде елімізді әлемге танытып жүрген жастарымыздың көбейіп келе жатқанын, мемлекеттің таланттар мен спортты қолдауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
"Жапонияға барған сапарымда сізді Императордан бастап қарапайым халыққа дейін бәрі танитынын, құрметтейтінін байқадым. Бұл – зор мәртебе. Жапонияда тұрсаңыз да қазақтың атын шығарып, еліміздің беделін биіктетіп жүрсіз. Сізге ерекше ризашылығымды білдіремін", – деді Мемлекет басшысы.
Ерсін Балтағұл президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
"Қазақстанның азаматы ретінде мақсатымыз еліміздің көк туын 120 миллионнан аса халқы бар Жапонияға таныту болатын. Осы бағыттан таймай, еңбек етіп келеміз. Сондай-ақ Италиядағы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль иеленген отандасымыз Михаил Шайдоровтың айтулы жетістігімен Өзіңізді және барша қазақстандықтарды құттықтаймын", – деді Ерсін Балтағұл.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатуға және Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.