https://sputnik.kz/20260216/otarda-sarbazdyn-zhagy-synyp-eki-apta-boyy-paterde-zhatqan---61203892.html
Отарда сарбаздың жағы сынып, екі апта бойы пәтерде жатқан - қылмыстық іс қозғалды
Отарда сарбаздың жағы сынып, екі апта бойы пәтерде жатқан - қылмыстық іс қозғалды
Sputnik Қазақстан
Әскери бөлімнің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілді 16.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-16T13:10+0500
2026-02-16T13:10+0500
2026-02-16T13:27+0500
отар
сарбаз
әскерилер
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_0:53:1025:629_1920x0_80_0_0_cb294944b8f0af123d3b95d1d6bac337.jpg
АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Отардағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылған. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Бас әскери полиция.Сарбаздың туыстары оқиға туралы бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялады.Бейнежазбада сарбазды ұстаған пәтер де көрсетілген. Сарбаздың сөзінше, ол пәтерде екі апта бойы жатқан. Өзін жауапты командирмін деп таныстырған лейтенанттың айтуынша, екі сарбаз төбелескен. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық жауаптылар, сондай-ақ жарғыға қайшы өзара қатынас фактісі туралы жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмекті ұйымдастыруда кемшілік жіберген лауазымды мамандардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу шаралары кезеңінде әскери бөлімнің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілді. Жағдай Қарулы Күштер басшылығының ерекше бақылауында.
https://sputnik.kz/20260108/otarda-sarbaz-qolyn-zharaqattady--askeri-garnizon-ne-deydi-60243092.html
отар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_58:0:965:680_1920x0_80_0_0_58fd6797d80cdbbf3ea563809f8ac407.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отар, сарбаз, әскерилер
Отарда сарбаздың жағы сынып, екі апта бойы пәтерде жатқан - қылмыстық іс қозғалды
13:10 16.02.2026 (жаңартылды: 13:27 16.02.2026) Әскери бөлімнің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілді
АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Отардағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылған. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Бас әскери полиция.
Сарбаздың туыстары оқиға туралы бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялады.
"Інім топ-томпақ болған. Тісін көріңіздер міне, жағы дұрыс салынбаған. Қалай әскерге баланы жіберуге болады", - дейді жәбір көрген сарбаздың әпкесі.
Бейнежазбада сарбазды ұстаған пәтер де көрсетілген.
Сарбаздың сөзінше, ол пәтерде екі апта бойы жатқан. Өзін жауапты командирмін деп таныстырған лейтенанттың айтуынша, екі сарбаз төбелескен.
"Гвардейск гарнизонының әскери полициясы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшіге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға салдарынан әскери қызметшілердің бірі жақ сүйегінен жарақат алды. Зардап шеккен әскери қызметші Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальға жатқызылды. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, денсаулық жағдайы әскери дәрігерлердің тұрақты бақылауында", - дейді Бас әскери полициясы.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тексеріс жүріп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық жауаптылар, сондай-ақ жарғыға қайшы өзара қатынас фактісі туралы жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмекті ұйымдастыруда кемшілік жіберген лауазымды мамандардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Тергеу шаралары кезеңінде әскери бөлімнің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметтік міндеттерін атқарудан уақытша шеттетілді.
Жағдай Қарулы Күштер басшылығының ерекше бақылауында.