Алматы зообағына Қиыр Шығыс қабыланы әкелінді

© Скрин с видео авиакомпании Red WingsСамку дальневосточного леопарда привезли в Алматы из Екатеринбурга
Самку дальневосточного леопарда привезли в Алматы из Екатеринбурга - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Қызыл кітапқа енген Қиыр Шығыс қабыланы SSJ-100 ұшағымен Екатеринбургтен Алматыға жеткізілді, деп хабарлады Ресейдің Қазақстандағы елшілігі.
Кара деген лақап атты иеленген жыртқыш Қазақстанға зообақтар арасындағы алмасу бағдарламасы аясында әкелінді. Оның терісінің түсі сирек кездесетін әрі ерекше әдемі меланизмге (қара реңк) жатады, дейді дипломаттар.
Кара 2025 жылдың мамыр айында Екатеринбург зообағында дүниеге келген. Ол Алматыда ұрпақ өрбіте алады.
Red Wings әуе компаниясы Караны желдетілетін арнайы контейнермен тасымалдады.
Жаңалықтар
0