Жаңа Конституция: депутат неке мен отбасы мәселесіне қатысты өзгерісті түсіндірді

© Sputnik/Ертай СарбасовЖаңа Конституция: депутат неке мен отбасы мәселесіне қатысты өзгерісті түсіндірді
Жаңа Конституция: депутат неке мен отбасы мәселесіне қатысты өзгерісті түсіндірді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2026
Жазылу
Негізгі заңның жаңа жобасында әйелдердің құқығын қорғауға басымдық берілген
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жаңа Конституцияның жобасындағы неке мен отбасы мәселесіне қатысты өзгерісті түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Негізгі заңның жаңа жобасында әйелдердің құқығын қорғауға басымдық берілген. Сондай-ақ, еркектермен тең құқыққа кепілдік беріледі.
"Тең құқықтар дегеніміз, еркек пен әйелдің балалары үшін жауапкершілігі бірдей, отбасындағы міндеттерін де бірдей атқарады. Бұл - өте маңызы мәселе. Иә, бүгінде заң бойынша еркек те, әйел де өзінің әлеуметтік рөлдерін бірдей атқарады. Бірақ шын мәнінде барлық жерде олай емес", - деді Смышляева Астанадағы"Референдум–2026" онлайн-марафонында.
Некені міндетті түрде мемлекеттік тіркеу де бар. Ата-аналар өз балаларына бірдей жауапты болса, балалар да егде жастағы ата-аналарына жауапты болады.
"Енді Конституцияның жаңа жобасында отбасының біртұтас моделі бар, жауапкершілігі өте жоғары модель бар. Бұдан бастап отбасы мен мемлекет жайында емес, мемлекет қолдайтын және қорғайтын жауапты отбасы жайында айтамыз", - деп атап көрсетті Смышляева.
Конституция жобасындағы “еркек пен әйелдің тең құқылы және ерікті одағы” деген нақты анықтама қыз алып қашу сияқты жағымсыз әдеттерден де қорғайды
Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
15 наурызда жаңа Конституция бойынша республикалық референдум өтеді - президент жарлығы
Жаңалықтар
0