Бурабайда халықаралық мал шаруашылығы форумы өтіп жатыр

© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіБурабайда халықаралық мал шаруашылығы форумы өтіп жатыр
Бурабайда халықаралық мал шаруашылығы форумы өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2026
Жазылу
Іс-шараға Орталық Азия елдерінен, АҚШ, Бразилия, Франция, Нидерланд, БАӘ және Түркиядан шамамен 250 делегат қатысты
АСТАНА, 15 ақпан – Sputnik. Бурабайда екі күндік халықаралық мал шаруашылығы форумы – Dala.Camp Forum 2026 өтіп жатыр.
Форум аясында сала өкілдері экспортқа бағытталған мал шаруашылығын дамыту перспективаларын, нарықты шоғырландыру мәселелерін және мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.
© Ауыл шаруашылығы министрлігіБурабайда мал шаруашылығы форумы өтіп жатыр
Бурабайда ауыл шаруашылығы форумы өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2026
Бурабайда мал шаруашылығы форумы өтіп жатыр
Іс-шараға Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, АҚШ, Бразилия, Франция, Нидерланд, БАӘ және Түркиядан шамамен 250 делегат қатысты.
Форумның басты тақырыбы – Қазақстанның ет индустриясын дамыту және саланың ұзақ мерзімді экспорттық стратегиясын қалыптастыру.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, мал шаруашылығы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 39%-ын құрайды.
"2025 жылдың қорытындысы бойынша саланың жалпы өнім көлемі 3,8 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылғы 3,3 трлн теңгемен салыстырғанда жоғары. Сонымен қатар жыл сайынғы 2–3% деңгейіндегі өсім саланың нақты әлеуетін толық көрсетпейді және жүйелі өзгерістерді талап етеді", — деді Аманғали Бердалин.
© Photo : Ауыл шаруашылығы министрлігіБурабайда халықаралық мал шаруашылығы форумы өтіп жатыр
Бурабайда халықаралық мал шаруашылығы форумы өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2026
Бурабайда халықаралық мал шаруашылығы форумы өтіп жатыр
Форум барысында мал шаруашылығының экспорттық экожүйесін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар мемлекет, бизнес және фермерлер мүдделерін үйлестіру, бірыңғай сапа стандарттарын енгізу және тұрақты өткізу арналары жүйесін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
"Turan" мал шаруашылығы қауымдастығы басқарма төрағасы Жәнібек Кенжебаев өндірушілерді шоғырландыруға, баға белгілеудің ашықтығын арттыруға және кепілдендірілген экспорттық жеткізілімдерді қалыптастыруға бағытталған нарықты институционалдық біріктіру моделін таныстырды.
Жылқылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Фермерлер малды етке өткізсе, мемлекеттен бөлінген субсидияны қайтарады
Жаңалықтар
0