Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 15 ақпан

© Sputnik / Владислав Воднев15 ақпан - күнтізбе
15 ақпан - күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2026
Жазылу
15 ақпанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

15 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін – Дүниежүзілік қатерлі ісікке шалдыққан балалар күні. Бұл атаулы күн күнтізбеде 2001 жылы Дүниежүзілік қатерлі ісікке шалдыққан балалардың ата-аналарының конфедерациясы (ICCCPO) бастамасымен енгізілген. Ракпен ауыратын балалардың күні Халықаралық балалар онкологтары қауымдастығының ұйымдастыруымен 90-нан астам елде аталып өтеді. Медициналық статистикаға сүйенсек, жылына әлемде 200 мың бала қатерлі ісікке шалдығады, жартысы науқастан айықпастан көз жұмады.
Сонымен бірге, бүгін – Халықаралық ота медбикесі күні. Ота медбикесінің арнайы білікті мамандардың арасында алатын орын ерекше, оның білімі, қабілеті мен тиянақтылығының арқасында кез келген хирургиялық ем сәтті шығады. 2009 жылы 15 ақпаннан бастап ота жасау кезінде көмектесетін медбикелер өздерінің қауымдастығының бастамасымен кәсіби мерекесін тойлап келеді.
1989 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылды. Бұл күн – қаза тапқандарды еске алу ғана емес, сонымен қатар әскери борышын абыроймен атқарып, елге аман-есен оралған жандарға құрмет пен алғыс білдіру күні, интернационалист жауынгер күні. Бұл күн кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылу мерейтойына байланысты таңдалған, ауған соғысында қаза тапқан 15 мың кеңес жауынгерінің рухына бағышталады. Көптеген тарихшы және сарапшылар Ауғанстан соғысын Ұлы Отан соғысынан кейінгі ең қатал қантөгіс деп санайды. Атап өтсек, бұл күні Ауғанстан соғысының ардагерлерін ғана емес, елден тысқары 30-дан астам қарулы қақтығысқа қатысқан басқа да азаматтарды еске алады. 25 мыңнан астам ресейлік қызметтік борышын атқару кезінде ажал құшқан.

15 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1949 жылы Израильдің бірінші президенті болып Хаим Вейцман тағайындалды;
1950 жылы Уолт Дисней студиясының Шарль Перроның "Күлше қыз" ертегісінің желісімен түсірген мультфильмінің тұсаукесері өтті;
1965 жылы Канаданың мемлекеттік туы бекітілді.

15 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1662 жылы Қазақстанның көне қалаларының бірі Атырау қаласының негізі қаланды;
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы ноталармен алмасу болды;
2011 жылы Алматыда "Қазақстан тарихы" бес томдығын құрастыру жұмысы аяқталды;
2014 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Сочи Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды.

15 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1564 жылы итальян физигі, механик, астроном, философ және математик, өз заманында ғылымға орасан зор үлесін қосқан Галилео Галилей дүниеге келді. Ол алғаш рет аспан денелерін бақылау үшін телескопты пайдаланып, бірқатар астрономиялық жаңалық ашты;
1710 жылы 1715 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Францияның королі болған, Бурбоно әулетінен шыққан Людовик XV дүниеге келді;
1935 жылы бард, танымал романстардың авторы Александр Лобановский дүниеге келді ("Очарована, околдована", "Дождь притаился за окном...", "Сгорая, плачут свечи" және тағы басқалары);

15 ақпанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1894 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Иса Тоқтыбаев дүниеге келді;
1914 жылы актер, кинорежиссер, КСРО-ның халық әртісі Шәкен Айманов дүниеге келді;
1915 жылы қазақ тарихшысы, тарих ғылымының докторы, профессор Ермұхан Бекмаханов дүниеге келді;
Жаңалықтар
0