Павлодар облысында үйде көптен бері жатқан екі адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2026
Жазылу
Мәйіт шамамен 2 жыл үйде жатқан
АСТАНА, 14 ақпан – Sputnik. Павлодар облысында екі бөлек үйде көптен бері жатқан адамдардың мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Майқайын кентінде шамамен екі жыл бұрын қайтыс болған адамның мәйіті табылды.
Ал көрші үйден тағы бір мәйіт жатқан. Ол адам бірнеше ай бұрын қайтыс болған. Облыстық полиция департаменті қылмыстық істің қозғалғанын хабарлады.
"Қазіргі кезде істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары атқарылып жатыр", - дейді полицейлер.
Айта кетері, бұған дейін Шымкенттегі пәтерден бір отбасының үш мүшесінің мәйіті табылған болатын.
Скорая помощь - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2026
Шымкентте пәтерден үш адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар
0