https://sputnik.kz/20260213/zorladyn-aryz-zhazamyn-bopsalaumen-aynalysqan-qylmystyq-top-sottaldy-61134224.html
"Зорладың, арыз жазамын": бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ сотталды
"Зорладың, арыз жазамын": бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ сотталды
Sputnik Қазақстан
Олар жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен оларды өз үйіне шақырған 13.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-13T11:37+0500
2026-02-13T11:37+0500
2026-02-13T11:37+0500
талдықорған
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_3a67c3c8c998434996b244e52a97b084.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында интернет-таныстық арқылы бопсалаумен айналысқан Талдықорған қаласының 9 тұрғыны сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы психологиялық қысым көрсетіп, бопсалаумен айналысқан.Жәбірленушілерді жалған түрде "зорлау фактісі бойынша полицияға арыз береміз" деп қорқытқан.30 қаңтарда Талдықорған қалалық сотында үкім шықты. Сотталушылар Қылмыстық еодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_bd2b7772b12ae25a2e51a6cbcb9eceda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, қылмыстық топ
талдықорған, қылмыстық топ
"Зорладың, арыз жазамын": бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ сотталды
Олар жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен оларды өз үйіне шақырған
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында интернет-таныстық арқылы бопсалаумен айналысқан Талдықорған қаласының 9 тұрғыны сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы психологиялық қысым көрсетіп, бопсалаумен айналысқан.
"Қылмыстық топ 2024 жылғы мамырдан 2025 жылғы наурызға дейін өңір аумағында азаматтарды бопсалаумен айналысқан. Олар әлеуметтік желілер мен мобильді қосымшалар арқылы жәбірленушілердің сеніміне кіріп, кейін түрлі сылтаумен оларды өз үйіне шақырған", - дейді прокуратура.
Жәбірленушілерді жалған түрде "зорлау фактісі бойынша полицияға арыз береміз" деп қорқытқан.
"Мәселені реттеу" үшін олардан ірі көлемде ақша талап еткен. Азаматтар қатты қысымға ұшыраған", - дейді жетісулық прокуратура.
30 қаңтарда Талдықорған қалалық сотында үкім шықты. Сотталушылар Қылмыстық еодекстің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2) және 3) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.