https://sputnik.kz/20260213/zhumyrtqa-men-maydyn-bagasyn-kotergender-zhazalandy-61136519.html
Жұмыртқа мен майдың бағасын көтергендер жазаланды
Жұмыртқа мен майдың бағасын көтергендер жазаланды
Sputnik Қазақстан
Сауда үстемесі 20–50%-ға дейін жетіп, рұқсат етілген шектен айтарлықтай асқан 13.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-13T15:03+0500
2026-02-13T15:03+0500
2026-02-13T15:03+0500
жұмыртқа
баға
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_0:129:3187:1921_1920x0_80_0_0_822cdd130b44b833a1f0cfdba4f8d126.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында жұмыртқа мен майдың бағасын көтерген кәсіпкерлер жазаланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Жұмыртқа мен май әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жатады. Ал ондай тауарлардың үстемеақысы 15 проценттен аспауға тиіс. Жетісу облысында тексеріс кезінде кейбір кәсіпкерлердің бұл талапты сақтамай отырғаны анықталды.Сол сияқты тағы бір компания сары майды басқа серіктестікке жеткізіп, артынан оны жеті сауда желісі мен үй жанындағы дүкендер арқылы 40–61% сауда үстемесімен сатқан. Барлық кәсіпкерге айыппұл салынды.Айта кетері, жыл басынан бері облыста сауда үстемесін сақтамау бойынша 17 материал қаралды. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 185 975 теңге айыппұл салынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1046/85/10468578_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_88654175b1c3eb449af430d1f7c4c357.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыртқа, баға
Жұмыртқа мен майдың бағасын көтергендер жазаланды
Сауда үстемесі 20–50%-ға дейін жетіп, рұқсат етілген шектен айтарлықтай асқан
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Жетісу облысында жұмыртқа мен майдың бағасын көтерген кәсіпкерлер жазаланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтына
сілтеме жасап.
Жұмыртқа мен май әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке жатады. Ал ондай тауарлардың үстемеақысы 15 проценттен аспауға тиіс. Жетісу облысында тексеріс кезінде кейбір кәсіпкерлердің бұл талапты сақтамай отырғаны анықталды.
"Сауда компанияларының біреуі жұмыртқа өндірушіден бір данасын 50 теңгеден сатып алып, оны жиырмадан астам фирмалық дүкенде 60–75 теңге аралығында сатқан. Сауда үстемесі 20–50%-ға дейін жетіп, рұқсат етілген шектен айтарлықтай асқан. Әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылғаннан кейін жұмыртқа бағасы төмендетілді", - дейді тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мамандары.
Сол сияқты тағы бір компания сары майды басқа серіктестікке жеткізіп, артынан оны жеті сауда желісі мен үй жанындағы дүкендер арқылы 40–61% сауда үстемесімен сатқан. Барлық кәсіпкерге айыппұл салынды.
Айта кетері, жыл басынан бері облыста сауда үстемесін сақтамау бойынша 17 материал қаралды. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 185 975 теңге айыппұл салынды.