https://sputnik.kz/20260213/aua-sapasyn-zhaqsartu-maqsatynda-kolik-qozgalysyna-shekteu-qoyyluy-mumkin-61143611.html
Ауа сапасын жақсарту мақсатында көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін
Ауа сапасын жақсарту мақсатында көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның 11 қаласында ауа тұрақты түрде ластанатыны белгілі болды 13.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-13T14:18+0500
2026-02-13T14:18+0500
2026-02-13T14:18+0500
ауаның ластануы
экология
қозғалысты шектеу
https://sputnik.kz/img/1198/68/11986873_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_76f76643e4ebea5070f4e026e6091c18.jpg
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктерге 2026-2028 жылдарға арналған атмосфералық ауаны қорғау ережесін әзірлеуді тапсырды. Оған сәйкес "Жұп және тақ күн" жүйесі бойынша ерекше метеорологиялық жағдайға байланысты қозғалысты шектеу мәселесі қарастырылмақ.Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 11 қаласында, әсіресе Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбеде ауа тұрақты түрде ластанатыны белгілі болды.Ластанудың едәуір үлесі автокөлікке, жеке секторға және шағын бизнес объектілеріне тиесілі. Мысалы, Алматыда шығарындылардың 60%-і көлікке, ал 12%-тен астамы жеке үйлер мен шағын қазандықтарға тиесілі. Осындай жағдай Өскеменде және басқа да ірі қалаларда байқалып отыр.2026-2028 жылдарға арналған атмосфералық ауаны қорғау ережесінде мыналар қарастырылуы қажет:Неғұрлым тиімді шешімдерді табу үшін министрлік делегациясы Бейжіңге барды. Қытай астанасында ведомство өкілдері ауаны қорғау үшін қала билігі енгізген әдістер мен жаңалықтарды зерттеді.Бейжіңде жағдайды жақсартатын негізгі шаралар қарастырылған. Олар – көлікті электр қуатына ауыстыру, көлік және өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін нормативтерді қатаңдату, экологиялық аймақтар мен шаңды бақылаудың ұлттық стандарттарын енгізу.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1198/68/11986873_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_9d924267df6833aba849f219da3f8a66.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауаның ластануы, экология, қозғалысты шектеу
ауаның ластануы, экология, қозғалысты шектеу
Ауа сапасын жақсарту мақсатында көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін
Қазақстанның 11 қаласында ауа тұрақты түрде ластанатыны белгілі болды
АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктерге 2026-2028 жылдарға арналған атмосфералық ауаны қорғау ережесін әзірлеуді тапсырды. Оған сәйкес "Жұп және тақ күн" жүйесі бойынша ерекше метеорологиялық жағдайға байланысты қозғалысты шектеу мәселесі қарастырылмақ.
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның 11 қаласында, әсіресе Алматы, Өскемен, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбеде ауа тұрақты түрде ластанатыны белгілі болды.
"Қолжетімді ең жақсы технологиялар қағидаттарына көшу жөніндегі іс-шаралар 21 ірі кәсіпорында басталды. Тағы 22 өтінім қаралуда. 22 энергия өндіруші нысан бойынша жылу энергетикасын жаңғыртудың кешенді жоспары бекітілді", - деп хабарлады министрлік.
Ластанудың едәуір үлесі автокөлікке, жеке секторға және шағын бизнес объектілеріне тиесілі. Мысалы, Алматыда шығарындылардың 60%-і көлікке, ал 12%-тен астамы жеке үйлер мен шағын қазандықтарға тиесілі. Осындай жағдай Өскеменде және басқа да ірі қалаларда байқалып отыр.
2026-2028 жылдарға арналған атмосфералық ауаны қорғау ережесінде мыналар қарастырылуы қажет:
субсидиялау және ынталандыру шаралары арқылы жеке секторды газдандыру;
қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде және шағын қазандықтарда қатты отынды пайдалануға тыйым салу;
объектілерді орталықтандырылған жылумен жабдықтауға қосуды ынталандыру;
қоғамдық көлік пен таксиді электр мен газға ауыстыру;
"жұп және тақ күн" жүйесі бойынша ерекше метеорологиялық жағдайға байланысты қозғалысты шектеу және экологиялық аймақтарға бөлуді жүргізу;
өнеркәсіптік аймақтардың айналасында жасыл белдеулер құру.
Неғұрлым тиімді шешімдерді табу үшін министрлік делегациясы Бейжіңге барды. Қытай астанасында ведомство өкілдері ауаны қорғау үшін қала билігі енгізген әдістер мен жаңалықтарды зерттеді.
Бейжіңде жағдайды жақсартатын негізгі шаралар қарастырылған. Олар – көлікті электр қуатына ауыстыру, көлік және өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін нормативтерді қатаңдату, экологиялық аймақтар мен шаңды бақылаудың ұлттық стандарттарын енгізу.