https://sputnik.kz/20260212/ulybritaniya-ukrainaga-purl-arqyly-205-million-dollar-boledi-61095103.html
Ұлыбритания Украинаға PURL арқылы 205 миллион доллар бөледі
Ұлыбритания Украинаға PURL арқылы 205 миллион доллар бөледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ұлыбритания америкалық қордан қару-жарақ сатып алуға арналған PURL бастамасы арқылы Украинаға 205 миллион АҚШ долларын бөлетінін... 12.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-12T08:53+0500
2026-02-12T08:53+0500
2026-02-12T08:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53731944_0:0:3160:1779_1920x0_80_0_0_dc0b98aeef4b9f55e3abd14f6ebcdf24.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ұлыбритания америкалық қордан қару-жарақ сатып алуға арналған PURL бастамасы арқылы Украинаға 205 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің қорғаныс министрі Джон Хили хабарлады.АҚШ пен НАТО құрған PURL бастамасы Вашингтонның Украинаға тікелей әскери көмек көрсетуін қарастырмайды. Оның аясында Киевке арналған америкалық қару-жарақты еуропалық елдер сатып алады.2025 жылы осы бағдарлама аясында Украинаға шамамен 5 миллиард доллар жиналған. Сондай-ақ басылым НАТО-дағы дереккөздерге сілтеме жасап, альянсқа мүше 32 елдің төрттен үші бастамаға қосылғанын хабарлады. Бағдарламаға Австралия мен Жаңа Зеландия да қатысып жатыр.Politico мәліметінше, қазіргі уақытта НАТО бағдарламаның өміршеңдігін ұзарту жолдарын қарастырып, оны қайта құрылымдау мүмкіндіктерін талқылап жатыр. Алайда әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/15/53731944_244:0:2975:2048_1920x0_80_0_0_70f974eaddc049f4daa1b88acac31e32.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ұлыбритания Украинаға PURL арқылы 205 миллион доллар бөледі
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Ұлыбритания америкалық қордан қару-жарақ сатып алуға арналған PURL бастамасы арқылы Украинаға 205 миллион АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді. Бұл туралы сәрсенбі күні елдің қорғаныс министрі Джон Хили хабарлады.
АҚШ пен НАТО құрған PURL бастамасы Вашингтонның Украинаға тікелей әскери көмек көрсетуін қарастырмайды. Оның аясында Киевке арналған америкалық қару-жарақты еуропалық елдер сатып алады.
"Ұлыбритания PURL бағдарламасына 150 миллион фунт стерлинг (205 миллион доллар) бөледі", – деді Хили. Оның сөзін Politico басылымы келтірді.
2025 жылы осы бағдарлама аясында Украинаға шамамен 5 миллиард доллар жиналған. Сондай-ақ басылым НАТО-дағы дереккөздерге сілтеме жасап, альянсқа мүше 32 елдің төрттен үші бастамаға қосылғанын хабарлады. Бағдарламаға Австралия мен Жаңа Зеландия да қатысып жатыр.
Politico мәліметінше, қазіргі уақытта НАТО бағдарламаның өміршеңдігін ұзарту жолдарын қарастырып, оны қайта құрылымдау мүмкіндіктерін талқылап жатыр. Алайда әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.