https://sputnik.kz/20260212/toqaev-adamzat-bauyrlastygy-syylygynyn-bas-khatshysymen-kezdesti-61121753.html
Тоқаев "Адамзат бауырластығы" сыйлығының Бас хатшысымен кездесті
Тоқаев "Адамзат бауырластығы" сыйлығының Бас хатшысымен кездесті
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде жүзеге асырып жатқан маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау білдірді 12.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-12T18:36+0500
2026-02-12T18:36+0500
2026-02-12T18:37+0500
президент
әзербайжан
армения
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0c/61120971_36:0:1245:680_1920x0_80_0_0_6f4c0bc8e245315d7b93017751c88cc2.jpg
АСТАНА, 12 ақпан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы "Адамзат бауырластығы" сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде жүзеге асырып жатқан маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау білдірді.Мұхаммед Әбделсалам қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Астанада ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына белсенді атсалыса беретінін айтты.Ол биылғы шейх Заид атындағы "Адамзат бауырластығы" сыйлығының Әзербайжан мен Арменияға берілгенін және екі ел арасында бейбіт келісім жасауға Қазақстанның ерекше үлес қосқанын айтты.Қазақстан президентінің Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам конфессияаралық диалогты және гуманитарлық құндылықтарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.
https://sputnik.kz/20260212/toqaev-khalyqaralyq-zharysta-uzdik-natizhe-korsetken-komandalardy-quttyqtady-61096871.html
әзербайжан
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0c/61120971_187:0:1094:680_1920x0_80_0_0_4712c18789ab430e326b5aa2ae1597e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, әзербайжан, армения
президент, әзербайжан, армения
Тоқаев "Адамзат бауырластығы" сыйлығының Бас хатшысымен кездесті
18:36 12.02.2026 (жаңартылды: 18:37 12.02.2026) Мемлекет басшысы Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде жүзеге асырып жатқан маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау білдірді
АСТАНА, 12 ақпан - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы "Адамзат бауырластығы" сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде жүзеге асырып жатқан маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау білдірді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид атындағы "Адамзат бауырластығы" сыйлығы бірлік пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптейтін халықаралық беделді марапаттардың біріне айналғанына тоқталып, бұл рәсімнің жаһандық диалог және ынтымақтастықты дамыту ісіне қосқан үлесін жоғары бағалады", - деп жазылған хабарламада.
Мұхаммед Әбделсалам қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Астанада ұйымдастырылатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына белсенді атсалыса беретінін айтты.
Ол биылғы шейх Заид атындағы "Адамзат бауырластығы" сыйлығының Әзербайжан мен Арменияға берілгенін және екі ел арасында бейбіт келісім жасауға Қазақстанның ерекше үлес қосқанын айтты.
Қазақстан президентінің Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам конфессияаралық диалогты және гуманитарлық құндылықтарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.