https://sputnik.kz/20260212/pavlodarda-er-adam-buryngy-ayelinin-qymbat-koligin-ortep-zhibergen-61113609.html
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелінің қымбат көлігін өртеп жіберген
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелінің қымбат көлігін өртеп жіберген
Sputnik Қазақстан
Келтірілген залал - 24 873 230 теңге 12.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-12T16:53+0500
2026-02-12T16:53+0500
2026-02-12T16:58+0500
павлодар
көлік
өрт
https://sputnik.kz/img/1194/27/11942758_0:201:2926:1847_1920x0_80_0_0_9f5fee1507b9b50e50d59d290a42200c.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Павлодарда ер адам ажырасып кеткен әйелінің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды облыстық сот.Қылмыстық іс Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып - адамдар тобының алдын ала сөз байласып, өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою.Ер адамның туысы 2024 жылдың 4 тамызында жанар-жағармай құю бекетінен 1 литр бензин сатып алған. Сағат 02:20-да Павлодар қаласындағы жәбірленушінің тұрғылықты жеріне келіп, тұрақтағы автокөліктің капотына бензин құйып, өртеп жіберген.Келтірілген залал - 24 873 230 теңге. Алайда сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұрады.Сот үкімімен экс-күйеу 6 жыл 8 айға, ал туысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар материалдық шығынды өтейтін болады.
https://sputnik.kz/20260126/semeylik-zeynetker-politsiyanyn-eki-koligin-ortep-zhiberdi-60680719.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1194/27/11942758_99:0:2828:2047_1920x0_80_0_0_c7a936ce609623c96ea632d56ac404fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, көлік, өрт
Павлодарда ер адам бұрынғы әйелінің қымбат көлігін өртеп жіберген
16:53 12.02.2026 (жаңартылды: 16:58 12.02.2026) Келтірілген залал - 24 873 230 теңге
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Павлодарда ер адам ажырасып кеткен әйелінің көлігін өртеп жіберген, деп хабарлайды облыстық сот.
Қылмыстық іс Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды. Тағылған айып - адамдар тобының алдын ала сөз байласып, өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою.
"Ер адам бұрын неке қатынасында болған жәбірленуші әйелдің "Toyota Land Cruiser 200" автокөлігін өртеуді ұйымдастырған. Ол қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін туысына ақшалай сыйақы уәде берген", - дейді сотта.
Ер адамның туысы 2024 жылдың 4 тамызында жанар-жағармай құю бекетінен 1 литр бензин сатып алған. Сағат 02:20-да Павлодар қаласындағы жәбірленушінің тұрғылықты жеріне келіп, тұрақтағы автокөліктің капотына бензин құйып, өртеп жіберген.
Келтірілген залал - 24 873 230 теңге. Алайда сотталушылар кінәларын мойындамай, ақтауды сұрады.
Сот үкімімен экс-күйеу 6 жыл 8 айға, ал туысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ олар материалдық шығынды өтейтін болады.