Дүниежүзілік банк Қазақстанда жобаларға жыл сайын 1 млрд доллар бөлуге дайын

© AFP 2024 / Tim Sloan Дүниежүзілік банк ғимараты
Дүниежүзілік банк ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Дүниежүзілік банк 2026-2031 жылдарға арналған әріптестіктің жаңа негіздемелік стратегиясын талқылады, деп хабарлады үкімет.
"Біз Дүниежүзілік банкпен әріптестікті жоғары бағалаймыз. Ұсынылған стратегия сараптама, қаржыландыру және бірлескен бастамалар арқылы біздің реформаларды қолдау үшін негіз жасайды", — деді вице-премьер Серік Жұманғарин.
Үкіметтің хабарлауынша, стратегия жобасында белгіленген басымдықтар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық құжаттары мен мақсаттарына сәйкес келеді. Бұл көлік және цифрлық байланысты дамытуды, су және энергетика секторларында көрсетілетін қызмет сапасын арттыруды, қаржы нарығын дамытуды, жеке инвестицияны ынталандыруды, климаттық саясатты күшейтуді және жаңартылатын энергия көзін пайдалануды арттыруды қамтиды.
Сонымен қатар банктің алты жыл ішінде жыл сайын 1 млрд долларға дейін қаржыландыруға дайындығы да айтылды.
Вице-премьердің айтуынша, бұл жеке секторды нығайту, инфрақұрылымды дамыту мен экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша жағдай жасайды. Реформаларды талдамалық сүйемелдеу Қазақстан үкіметі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен Экономикалық зерттеу бағдарламасы шеңберінде жалғасады.
Балалар спорты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2026
Балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады
Жаңалықтар
0