https://sputnik.kz/20260212/byltyr-qazaqstanda-qyzylshamen-auyrgandar-sany-85-ke-tomendegen-61122044.html
Былтыр Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 85%-ке төмендеген
Былтыр Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 85%-ке төмендеген
Sputnik Қазақстан
Науқастар арасында вакцина алмағандар басым 12.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-12T19:53+0500
2026-02-12T19:53+0500
2026-02-12T19:53+0500
үкімет
министрлік
қызылша
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1b/18239259_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_89492f874fd7159cd668f9b37d081960.jpg
АСТАНА, 12 ақпан - Sputnik. Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай екені үкіметте қаралды.Қызылшамен ауырғандар саны 2024 жылға қарағанда биыл 85%-ке төмендегені туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты. Ал биыл жыл басынан бері қызылшаның 1951 жағдайы тіркелген.Әсіресе Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарының тұрғындары көп сырқаттаған. Негізінен 5 жасқа дейінгі балалар көп ауырған. Науқастар арасында вакцинацияланбағандар басым. Олардың қатарына ата-аналары вакцинациядан бас тартқандар бар.Мәдениет және ақпарат вице-премьер-министрі Аида Балаева әкімдіктер жанындағы өңірлік штабтарда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды күн сайын талдауды тапсырды. Жергілікті жердегі басшылар тікелей жауап береді, деді ол.Бұған дейін Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева балаларды қызылшаға қарсы екпе болған жағдайда ғана стационарларға қабылдайтынын ескертті. Бұл шешім ауруханаішілік инфекцияның таралу қаупін болдырмау үшін қабылданған.
https://sputnik.kz/20260206/qyzylsha-auruy-orshidi-ministrlik-ata-analarga-undeu-zhasady-60989140.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/1b/18239259_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_b807e598e82e275a33e07e9244d535f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, министрлік, қызылша
үкімет, министрлік, қызылша
Былтыр Қазақстанда қызылшамен ауырғандар саны 85%-ке төмендеген
Науқастар арасында вакцина алмағандар басым
АСТАНА, 12 ақпан - Sputnik. Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай екені үкіметте қаралды.
Қызылшамен ауырғандар саны 2024 жылға қарағанда биыл 85%-ке төмендегені туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты. Ал биыл жыл басынан бері қызылшаның 1951 жағдайы тіркелген.
Әсіресе Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарының тұрғындары көп сырқаттаған. Негізінен 5 жасқа дейінгі балалар көп ауырған. Науқастар арасында вакцинацияланбағандар басым. Олардың қатарына ата-аналары вакцинациядан бас тартқандар бар.
Мәдениет және ақпарат вице-премьер-министрі Аида Балаева әкімдіктер жанындағы өңірлік штабтарда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды күн сайын талдауды тапсырды. Жергілікті жердегі басшылар тікелей жауап береді, деді ол.
Бұған дейін Астананың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айгүл Шағалтаева балаларды қызылшаға қарсы екпе болған жағдайда ғана стационарларға қабылдайтынын ескертті. Бұл шешім ауруханаішілік инфекцияның таралу қаупін болдырмау үшін қабылданған.