Былтыр көші-қон есебінен халық саны 16 мың адамға өсті

© Photo : StelaDiЧемодан, багаж
Чемодан, багаж - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2026
Жазылу
Сыртқы көші-қонның негізгі бөлігі бұрынғыдай ТМД елдеріне тиесілі
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. 2025 жылы Қазақстанда көші-қон есебінен халық саны 16,2 мың адамға артты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, есепті кезеңде елге 23,8 мың адам көшіп келсе, 7,6 мың адам кеткен.
2024 жылмен салыстырғанда көші-қон белсенділігі төмендеген: келгендер саны 20,7%-ға, ал кеткендер саны 40,5%-ға азайған. Соған қарамастан, елден кететіндер саны көбірек азайғандықтан, таза көші-қон өсімі сақталды.
"Сыртқы көші-қонның негізгі бөлігі бұрынғыдай ТМД елдеріне тиесілі. 2025 жылы Қазақстанға келгендердің 81,8%-ы, ал елден кеткендердің 71,8%-ы осы елдерге қатысты болды. Келушілердің басым бөлігін этникалық қазақтар мен орыстар құрады, кетушілердің қатарында да негізінен орыстар мен қазақтар болды", - деп жазылған хабарламада.
Ал ішкі көші-қон, керісінше, өсім көрсетті. Өңіраралық қоныс аудару саны өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға артты. Ішкі көші-қон бойынша халық саны төрт өңірде – Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы облысында артты. Ең жоғары халық өсімі Астанада байқалып, көші-қон есебінен келгендер саны 87 мың адамнан асты.
Көптеген облыста, соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында адамдар көбіне көшіп кеткендіктен, халық саны азайды.
Өңіраралық көші-қонның теріс сальдосы елдің көптеген облысында, соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында сақталды. Бұл үрдіс халықтың ірі қалаларға көшіп жатқанын көрсетеді.
Көші-қонды есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.12.2025
Көші-қонды есепке алудың бірыңғай цифрлық жүйесі енгізіледі
Жаңалықтар
0