https://sputnik.kz/20260212/anam-esepshot-ashyp-qoygan-9-tildi-mengergen-oqushy-paterdi-qalay-satyp-alganyn-aytty-61102347.html
"Анам есепшот ашып қойған": 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты
"Анам есепшот ашып қойған": 9 тілді меңгерген оқушы пәтерді қалай сатып алғанын айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Тоғыз тілді жетік меңгерген павлодарлық оқушы Айханым Оқасова Sputnik Қазақстан тілшісіне ең ізгі арманы жайлы айтып берді. 12.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-12T11:59+0500
2026-02-12T11:59+0500
2026-02-12T12:00+0500
павлодар облысы
оқушы
мектеп
пәтер
екі бөлмелі пәтер
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0c/61102850_14:0:1111:617_1920x0_80_0_0_416a97eadd93630a0ac4e910808f428d.jpg
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Тоғыз тілді жетік меңгерген павлодарлық оқушы Айханым Оқасова Sputnik Қазақстан тілшісіне ең ізгі арманы жайлы айтып берді.Айханымды тіл үйренуге анасы 13-14 жасынан баулыған. Бүгінде 16 жастағы оқушының өзінің онлайн мектебі бар. Мақсаты – сапалы білімді баршаға қолжетімді ету. Ол қазақ, орыс, ағылшын, қытай, араб, француз, неміс, түрік тілдерін жетік меңгерген.Бүкіл әлемді аралап көргім келетін талантты оқушыға әсіресе Қытай мәдениеті қызықты болып көрінген."Қытай мемлекетінде технология жаппай дамып жатыр. Осы елді тереңірек зерттеп көргім келеді", - дейді ол.Еске сала кетейік, бұған дейін 10-сынып оқушысының өз еңбегімен екі бөлмелі пәтер сатып алғанын жазған едік.Айханымның арманы асқақ, ол әлемдік деңгейде мектеп ашсам дейді."Мектебім тіл үйренгісі келетін барлық жанға қолжетімді болса деймін. Онда балалар ғана емес, ересек адамдар да тіл үйренсе деп армандаймын. Әсіресе тұрмысы төмен, болмаса тіл үйренуге ақшасы жоқ жандар үшін қолжетімді болатын әлемдік деңгейдегі мектепті ашқым келеді", - дейді Айханым.Айханымның анасы мейрамханада еңбек етеді, ағасы мен әпкесі бар.
https://sputnik.kz/20260208/pavlodarda-9-tilde-erkin-soyleytin-oqushy-astanadan-pater-satyp-aldy-61023399.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0c/61102850_151:0:974:617_1920x0_80_0_0_da5fce7ad7b136275d88ab663b6e59e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
павлодар облысы, оқушы, мектеп, пәтер, екі бөлмелі пәтер
павлодар облысы, оқушы, мектеп, пәтер, екі бөлмелі пәтер
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Тоғыз тілді жетік меңгерген павлодарлық оқушы Айханым Оқасова
Sputnik Қазақстан тілшісіне ең ізгі арманы жайлы айтып берді.
Айханымды тіл үйренуге анасы 13-14 жасынан баулыған. Бүгінде 16 жастағы оқушының өзінің онлайн мектебі бар. Мақсаты – сапалы білімді баршаға қолжетімді ету. Ол қазақ, орыс, ағылшын, қытай, араб, француз, неміс, түрік тілдерін жетік меңгерген.
"Ең жеңіл меңгерген тілім француз тілі болды, өйткені ол ағылшын тіліне өте ұқсас. Ал қиын тіл – қытай мен араб тілі. Жалпы тіл меңгергісі келген адам көп тәжірибе жинақтау керек, фильмдер көріп, оқулықтар оқу керек. Әсіресе Қытай тілі ерекше болды. Мұнда әріптер жоқ, иероглиф. Олар бір-біріне өте ұқсас. Бір жағынан қиын, бір жағынан ерекше тіл болды", - дейді Айханым.
Бүкіл әлемді аралап көргім келетін талантты оқушыға әсіресе Қытай мәдениеті қызықты болып көрінген.
"Қытай мемлекетінде технология жаппай дамып жатыр. Осы елді тереңірек зерттеп көргім келеді", - дейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін 10-сынып оқушысының өз еңбегімен екі бөлмелі пәтер сатып алғанын
жазған едік.
"Анам бірінші сыныпта оқып жүргенімде банктен маған есепшот ашып қойған. Қазіргі күні әртүрлі кәсіпорын, фирма, компаниялардың аудармаларын жасаймын. Онымен қоса онлайн тіл үйрету мектебім бар. Содан тапқан табысымды банктегі есепшотыма аударып отырдым. Сөйтіп жақында екі бөлмелі пәтер алдым", - дейді оқушы.
Айханымның арманы асқақ, ол әлемдік деңгейде мектеп ашсам дейді.
"Мектебім тіл үйренгісі келетін барлық жанға қолжетімді болса деймін. Онда балалар ғана емес, ересек адамдар да тіл үйренсе деп армандаймын. Әсіресе тұрмысы төмен, болмаса тіл үйренуге ақшасы жоқ жандар үшін қолжетімді болатын әлемдік деңгейдегі мектепті ашқым келеді", - дейді Айханым.
Айханымның анасы мейрамханада еңбек етеді, ағасы мен әпкесі бар.