Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Жапония ЮНЕСКО-ның Украинаға арналған бағдарламасына қосымша қаражат бөледі

© AFP 2024 / Yoshikazu TsunoФлаг Японии
Флаг Японии - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Жазылу
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Жапония ЮНЕСКО-ның Украинаға арналған бағдарламасын жүзеге асыру үшін қосымша 3,8 миллион доллар бөлуге келісті. Осылайша, ұйымның мәліметінше, Жапонияның жалпы үлесі шамамен 40%-ға жетті.
"ЮНЕСКО Жапонияның мәдениет, білім беру, коммуникация және ақпарат салаларында Украинаны қалпына келтіруді қолдау мақсатында 3,8 миллион АҚШ доллары көлемінде жаңа жарна бөлгенін жариялады. Осы жаңа қаржыландыруды қоса есептегенде, Жапонияның жалпы қолдауы 29,1 миллион АҚШ долларын құрайды, бұл ЮНЕСКО-ның Украина үшін жинаған барлық қаражатының шамамен 40%-ына тең", – делінген ұйымның ресми сайтында.
Ұйымның мәліметінше, қазіргі уақытта ЮНЕСКО Украинадағы бағдарламасын іске асыру үшін жалпы көлемі 75 миллион доллардан астам қаражат жұмылдырған.
Андрей Бабиш - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украинадағы қақтығысты тезірек тоқтату қажет – Чехия премьері
Жаңалықтар
0