https://sputnik.kz/20260211/turgyn-uy-saudasy-478-payyzga-azaydy-61075304.html
Тұрғын үй саудасы 47,8 пайызға азайды
Тұрғын үй саудасы 47,8 пайызға азайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстанда қаңтарда тұрғын үйді алып-сату мәмілелерінің саны 47,8% азайды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. 11.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-11T11:43+0500
2026-02-11T11:43+0500
2026-02-11T11:43+0500
тұрғын үй
баспана
баспана бағасы
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ff9a638d595b97dcc13bdba30980bd6d.jpg
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстанда қаңтарда тұрғын үйді алып-сату мәмілелерінің саны 47,8% азайды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.2026 жылғы қаңтар айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 27 745 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 020 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 21 725 мәміле жасалды.2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың қаңтарында мәмілелер санының азаюы барлық өңірде тіркелген. Ең қатты төмендеу Павлодар (-68,1%), Абай (-64,0%) және Солтүстік Қазақстан (-57,3%) облыстарында тіркелді.Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 47,2% (19 452 мәмілеге) азайды. 2026 жылдың қаңтарында пәтерлер бойынша барлығы 21 725 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,3%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24,3%), Алматы (21,9%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, олар бойынша 8 247 мәміле ресімделген.Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең қатты төмендеуі Абай (-65,7%), Ақтөбе (-63,8%) және Батыс Қазақстан (-60,6%) облыстарында байқалды.2026 жылғы қаңтарда тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 10,3% азайған, ол кезде 30 917 мәміле ресімделген болатын. Жылдық мәнде мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Шымкент қаласында (+32,2%) байқалды, ең қатты төмендеу – Батыс Қазақстан облысында (-32,4%).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/37/11913765_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_eecbf21d5fd34b2df896c8a542cd22d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй, баспана, баспана бағасы
тұрғын үй, баспана, баспана бағасы
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Қазақстанда қаңтарда тұрғын үйді алып-сату мәмілелерінің саны 47,8% азайды, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
2026 жылғы қаңтар айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 27 745 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 020 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 21 725 мәміле жасалды.
"2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда (53 128) тұрғын үйді алып-сату саны 47,8% азайды. Мәмілелер саны бойынша Астана (5 375 – 19,4%), Алматы (5 191 – 18,7%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (2 241 – 8,1%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 283 мәміле (1,0%) тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2026 жылдың қаңтарында мәмілелер санының азаюы барлық өңірде тіркелген. Ең қатты төмендеу Павлодар (-68,1%), Абай (-64,0%) және Солтүстік Қазақстан (-57,3%) облыстарында тіркелді.
Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 47,2% (19 452 мәмілеге) азайды. 2026 жылдың қаңтарында пәтерлер бойынша барлығы 21 725 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,3%. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24,3%), Алматы (21,9%) қалаларына және Қарағанды облысына (8,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 1 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, олар бойынша 8 247 мәміле ресімделген.
"Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 49,6% (5 931 мәмілеге) азайды. Қаңтарда барлығы 6 020 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының төмендеуі еліміздің барлық өңірінде тіркелген", - делінген хабарламада.
Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең қатты төмендеуі Абай (-65,7%), Ақтөбе (-63,8%) және Батыс Қазақстан (-60,6%) облыстарында байқалды.
2026 жылғы қаңтарда тұрғын үйді алып-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 10,3% азайған, ол кезде 30 917 мәміле ресімделген болатын. Жылдық мәнде мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Шымкент қаласында (+32,2%) байқалды, ең қатты төмендеу – Батыс Қазақстан облысында (-32,4%).