https://sputnik.kz/20260211/toqaev-zhaqynda-zhana-konstitutsiya-qabyldanatyn-referendum-otkizu-turaly-zharlyqqa-qol-qoyady-61086157.html
Тоқаев жақында жаңа Конституция қабылданатын референдум өткізу туралы жарлыққа қол қояды
Тоқаев жақында жаңа Конституция қабылданатын референдум өткізу туралы жарлыққа қол қояды
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын айтты 11.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-11T17:30+0500
2026-02-11T17:30+0500
2026-02-11T17:32+0500
президент
референдум
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0b/61085771_52:0:1229:662_1920x0_80_0_0_b6ec8584627a8acd636a9457c6f61565.jpg
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсындыҚасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынатынын жеткізді.Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын айтты. Президенттің пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді.Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын айтты.Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260211/zhana-konstitutsiyany-zhazgan-qyzmetkerlerdin-esimi-zhariyalandy-61085544.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0b/61085771_199:0:1082:662_1920x0_80_0_0_830e19e4ade651f299f4640d62966ca5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, референдум, қазақстанның жаңа конституциясы
президент, референдум, қазақстанның жаңа конституциясы
Тоқаев жақында жаңа Конституция қабылданатын референдум өткізу туралы жарлыққа қол қояды
17:30 11.02.2026 (жаңартылды: 17:32 11.02.2026) Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын айтты
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады.
"Жаңа Конституция мәтіні азаматтар мен сарапшылардың былтыр қазан айынан бастап eGov және e-Otinish порталдарына жолдаған бастамалары негізінде дайындалды. Сондай-ақ жобада Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы қазан-қаңтар айлары аралығында жинақтаған тәсілдер де ескерілді", - деп жазылған хабарламада.
Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия талқылау қорытындысы бойынша жаңа Конституция жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынатынын жеткізді.
Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын айтты. Президенттің пікірінше, жаңа Конституция ережелері мемлекетіміздің институционалдық негізін трансформациялау үдерісі толығымен аяқталып, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетінін көрсетеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Ата Заң жобасы қоғамдағы өзекті құндылықтар мен мемлекеттік саясат қағидаттарын айқындап қана қоймай, Қазақстанның одан әрі прогрессивті дамуына негіз қалайтынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.