https://sputnik.kz/20260211/qazaqstanga-tagy-bir-memleket-qylmyskerlerdi-ustap-beredi-61075912.html
Қазақстанға тағы бір мемлекет қылмыскерлерді ұстап береді
Қазақстанға тағы бір мемлекет қылмыскерлерді ұстап береді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру және қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын... 11.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-11T12:09+0500
2026-02-11T12:09+0500
2026-02-11T12:09+0500
қазақстан
қылмыскер
https://sputnik.kz/img/193/72/1937246_0:223:3351:2108_1920x0_80_0_0_94ca3f5c898ad4ed2d8c551ff4f052f4.jpg
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру және қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұдан бөлек, екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беру туралы шарт та бар. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, шартта бірқатар процессуалдық шара қарастырылған.Ал елдің ұлттық заңнамасына қайшы мәселелер болса, құқықтық көмектен бас тартуға болады.Қазақстан мен Перу арасындағы сотталған адамдарды беру шартына сәйкес, сотталған адам тағайындалған жазаны өз елінде өтей алады.Ал қылмыскерлерді ұстап беруге қатысты шартта іздеуде жүрген адамды ұстап беру шаралары қарастырылған."Ұстап берудің негізгі талабы – тараптардың заңнамасына сәйкес кемінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе бұдан да ауыр жаза қарастырылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасау", - делінген мәжіліс қорытындысында.Айта кетері, депутаттар шарттарды ратификациялап, сенаттың қарауына жіберді.
https://sputnik.kz/20230427/qyrgyzstan-zhuzdegen-qylmyskerdi-qazaqstanga-ustap-berdi--bas-prokuratura-34357905.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/193/72/1937246_122:0:3230:2331_1920x0_80_0_0_e4525bda7263bffa148fc7369461be7a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, қылмыскер
Қазақстанға тағы бір мемлекет қылмыскерлерді ұстап береді
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан мен Перу Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру және қылмыскерлерді ұстап беру шарттарын ратификациялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұдан бөлек, екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек беру туралы шарт та бар. Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, шартта бірқатар процессуалдық шара қарастырылған.
"Мұндай шараларға қамаудағы адамдарды уақытша беру, тінту, қылмыстан түскен табыстарды тәркілеу, банктегі шоттарды анықтау, сараптама жүргізу және тағы басқа әрекеттер кіреді", - деді Қойгелдиев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал елдің ұлттық заңнамасына қайшы мәселелер болса, құқықтық көмектен бас тартуға болады.
Қазақстан мен Перу арасындағы сотталған адамдарды беру шартына сәйкес, сотталған адам тағайындалған жазаны өз елінде өтей алады.
Ал қылмыскерлерді ұстап беруге қатысты шартта іздеуде жүрген адамды ұстап беру шаралары қарастырылған.
"Ұстап берудің негізгі талабы – тараптардың заңнамасына сәйкес кемінде 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе бұдан да ауыр жаза қарастырылатын қылмыстық құқық бұзушылық жасау", - делінген мәжіліс қорытындысында.
Айта кетері, депутаттар шарттарды ратификациялап, сенаттың қарауына жіберді.