Бородавкин: КҚК-ға шабуыл – халықаралық қауымдастық үшін алаңдаушылық тудыратын жайт

Нефтепровод Тенгиз-Новороссийск  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Жазылу
2025 жылдың 29 қарашасында Украина Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасады
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Украинаның Каспий құбыр консорциумына (КҚК) жасаған шабуылдары – бүкіл халықаралық қауымдастық үшін алаңдаушылық туғызатын жағдай, деді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында.
"Ресей тарапы да, Қазақстан тарапы да Киев режимінің КҚК инфрақұрылымына – Новороссийскідегі нысандарға және Ресей Федерациясы аумағы арқылы өтетін құбырға жасаған шабуылдарына байланысты наразылық білдіріп, айыптады. Қазіргі уақытта жағдай тұрақталып, КҚК жұмысы жалғасып жатыр. Экономикалық тұрғыдан алғанда, болған оқиғаны дағдарыс деп атамас едім, алайда бұл шабуылдар Киев режимі әрекеттерінің қылмыстық сипатын көрсетеді", – деді елші.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Киевтің әрекеттері халықаралық энергетикалық ынтымақтастық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіреді.
"Бұл – бүкіл халықаралық қауымдастық, соның ішінде Ресей, Қазақстан және әлемдік энергетикалық серіктестер үшін алаңдаушылық тудыратын мәселе", – деп атап өтті Бородавкин.
2025 жылдың 29 қарашасында Украина Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасады. КҚК арқылы Қазақстанның экспорттық мұнайының 80%-ы тасымалданады, ал мұнай – ел бюджетінің негізгі көзі.
30 қарашада Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті "агрессия актісі" деп атап, Украинаның аса маңызды инфрақұрылымға жасалған кезекті нысаналы шабуылына байланысты наразылық білдірді.
Желтоқсан айының ортасында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл шабуыл салдарынан Қазақстан 480 мың тонна мұнайды жоғалтқанын, соған қарамастан 2025 жылға арналған жалпы жоспар орындалатынын хабарлады.
Ал 2026 жылдың қаңтарында министр Қазақстан Киевтің шабуылы салдарынан шамамен 3,8 миллион тонна мұнай экспортынан айырылғанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0