Батыс Қазақстанда заңсыз қудаланған тұрғын 7,7 млн теңге өтемақы өндіріп алды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2026
Жазылу
Ол қылмыстық істің қозғалуына байланысты жұмысынан айырылып, тұрғылықты жерін ауыстыруға мәжбүр болған
АСТАНА, 11 ақпан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының тұрғыны республикалық мемлекеттік мекемеден 7 700 000 теңге өндіріп алды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Талап қоюшы М. 2023 жылы 6 ай уақытша ұстау изоляторына қамалып, 1 ай үйқамақта болған. Одан кейін ұзақ уақыт бойы оған қатысты үздіксіз тексеріс жүргізіліп, жауап алынған. Алайда прокурор қылмыс құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтатқан.
"Сол себепті талап қоюшы М. сотқа жауапкер республикалық мемлекеттік мекемеден 15 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиянды және 4 000 000 теңге материалдық шығынды өтеу туралы талап арызбен жүгінді", - деп жазылған хабарламада.
Талап қоюшы арызында үнемі уайым, күйзеліс жағдайында жүргенін, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдары тарапынан психологиялық қысым көргенін көрсеткен.
Сот талап қоюшы М.-ге қатысты қылмыстық қудалаудың заңсыз жүргізілгенін, қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан моральдық азап шеккенін анықтады. Сондай-ақ қылмыстық істің қозғалуына байланысты талап қоюшы жұмысынан айырылып, тұрғылықты жерін ауыстыруға мәжбүр болған.
"Сот талап қоюшы М-ның жауапкер республикалық мемлекеттік мекемеге қойған талап арызын ішінара қанағаттандырды, талап қоюшы М.-ның пайдасына моральдық зиянды өтеу ретінде 3 000 000 теңге, материалдық шығынды өтеу ретінде 4 000 000 теңге, сондай-ақ өкілдің қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстар ретінде 700 000 теңге өндірді", - дейді сот.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0