https://sputnik.kz/20260210/zhambylda-zhol-apatyna-tusken-balany-qutqaru-ushin-darigerler-audanga-tikushaqpen-zhetti--61065415.html
Жамбылда жол апатына түскен баланы құтқару үшін дәрігерлер ауданға тікұшақпен жетті
Жамбылда жол апатына түскен баланы құтқару үшін дәрігерлер ауданға тікұшақпен жетті
Sputnik Қазақстан
Мойынқұм ауданында болған жол апатынан 2019 жылы туған баланың өміріне үлкен қауіп төнген 10.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-10T22:53+0500
2026-02-10T22:53+0500
2026-02-10T22:53+0500
жамбыл облысы
денсаулық сақтау
жол апаты
https://sputnik.kz/img/378/32/3783284_0:40:1100:659_1920x0_80_0_0_6d0398c516350d6f1c777b85874a228f.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін ауданға тікұшақпен жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған жол апатынан 2019 жылы туған баланың өміріне үлкен қауіп төнген.Уақытты жоғалтпас үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері оқиға орнына санитарлық авиация тікұшағымен жедел жеткен.Аудандық ауруханада нейрохирург пен анестезиолог-реаниматолог баланың өмірін сақтау үшін аса күрделі декомпрессионды трепанация отаны сәтті орындап шықты. Мамандардың айтуынша, бұл - бас миын өлімге әкелуі мүмкін қысымнан құтқару үшін жасалатын аса ауыр, өмірді сақтайтын операция.Мұндай ота науқастың өміріне тікелей қауіп төнгенде ғана жасалады және ол дәрігерлер үшін ең жауапты, ең қиын шешімдердің бірі болып саналады.Баланың жағдайы тұрақталған соң, дәрігерлер консилиумының шешімімен ол санитарлық авиация арқылы реаниматолог-дәрігер мен фельдшердің қатаң бақылауымен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына тікұшақпен аман жеткізілді.Қазіргі таңда балаға барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20251217/aqtauda-darigerler-klinikalyq-olim-kuyine-tusken-nauqasqa-kurdeli-otany-satti-zhasap-shyqty-59667647.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/378/32/3783284_64:0:1037:730_1920x0_80_0_0_c693f91872a379dd2e80b66aa2412059.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, денсаулық сақтау, жол апаты
жамбыл облысы, денсаулық сақтау, жол апаты
Жамбылда жол апатына түскен баланы құтқару үшін дәрігерлер ауданға тікұшақпен жетті
Мойынқұм ауданында болған жол апатынан 2019 жылы туған баланың өміріне үлкен қауіп төнген
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысында дәрігерлер баланың өмірін сақтап қалу үшін ауданға тікұшақпен жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған жол апатынан 2019 жылы туған баланың өміріне үлкен қауіп төнген.
Уақытты жоғалтпас үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері оқиға орнына санитарлық авиация тікұшағымен жедел жеткен.
Аудандық ауруханада нейрохирург пен анестезиолог-реаниматолог баланың өмірін сақтау үшін аса күрделі декомпрессионды трепанация отаны сәтті орындап шықты. Мамандардың айтуынша, бұл - бас миын өлімге әкелуі мүмкін қысымнан құтқару үшін жасалатын аса ауыр, өмірді сақтайтын операция.
Мұндай ота науқастың өміріне тікелей қауіп төнгенде ғана жасалады және ол дәрігерлер үшін ең жауапты, ең қиын шешімдердің бірі болып саналады.
Баланың жағдайы тұрақталған соң, дәрігерлер консилиумының шешімімен ол санитарлық авиация арқылы реаниматолог-дәрігер мен фельдшердің қатаң бақылауымен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына тікұшақпен аман жеткізілді.
Қазіргі таңда балаға барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр, дейді министрлікте.