https://sputnik.kz/20260210/toqaev-zhana-konstitutsiyaga-tagy-bir-ozgeris-engizudi-usyndy-61055861.html
Тоқаев жаңа Конституцияға тағы бір өзгеріс енгізуді ұсынды
Тоқаев жаңа Конституцияға тағы бір өзгеріс енгізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға тағы бір маңызды өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан... 10.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-10T12:18+0500
2026-02-10T12:18+0500
2026-02-10T12:37+0500
қасым-жомарт тоқаев
конституциялық кеңес
ата заң
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0a/61053566_0:27:1280:747_1920x0_80_0_0_b1c0b9be01905daafd54752164976fc9.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға тағы бір маңызды өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазіргі Конституцияда "Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" деген ереже бар.Осы орайда мемлекет басшысы Ата заңымыздың жаңа жобасында білім, ғылым, инновациялар және мәдениеттің теңдессіз басымдықтар ретінде айқындалғанын ерекше атап өтті.Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасын "шын мәнінде озық, яғни түбегейлі жаңарған, әрбір тұсы сарапталған, сапалы жазылған мәтін" деп бағалады."Онда конституциялық құрылысқа қатысты әлемдегі үздік тәжірибелер көрініс тапқан, адам құқықтары және ұлттық мүддеміз толық қорғалған", - деп түйіндеді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0a/61053566_124:0:1156:774_1920x0_80_0_0_976627f633bce25221a99be56c49e462.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, конституциялық кеңес, ата заң, қазақстанның жаңа конституциясы
қасым-жомарт тоқаев, конституциялық кеңес, ата заң, қазақстанның жаңа конституциясы
Тоқаев жаңа Конституцияға тағы бір өзгеріс енгізуді ұсынды
12:18 10.02.2026 (жаңартылды: 12:37 10.02.2026) АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға тағы бір маңызды өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі Конституцияда "Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды. Сот шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді" деген ереже бар.
"Осы ережені "тұрғын үйден мәжбүрлеп шығаруға да сот шешімінсіз жол берілмейді" деп толықтырған жөн. Меніңше, бұл – жаңа Конституцияның сипатына толық сай келетін әлеуметтік норма. Конституциялық комиссия мүшелерінен осы ұсынысты қарауды сұраймын", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Осы орайда мемлекет басшысы Ата заңымыздың жаңа жобасында білім, ғылым, инновациялар және мәдениеттің теңдессіз басымдықтар ретінде айқындалғанын ерекше атап өтті.
"Тәуелсіздігіміз, егемендігіміз және аумақтық тұтастығымыз мызғымас құндылықтар болып қала береді және еліміздің унитарлығы, жерінің тұтастығы мен басқару нысаны ешқашан өзгермейді деген аса маңызды сөздер бар. Ата Заңымызда бірлік пен келісімнің негіздері нығая түседі", - деп атап өтті Тоқаев.
Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасын "шын мәнінде озық, яғни түбегейлі жаңарған, әрбір тұсы сарапталған, сапалы жазылған мәтін" деп бағалады.
"Онда конституциялық құрылысқа қатысты әлемдегі үздік тәжірибелер көрініс тапқан, адам құқықтары және ұлттық мүддеміз толық қорғалған", - деп түйіндеді президент.