https://sputnik.kz/20260210/tipti-aqsh-qa-da-senbeymin-makron-europanyn-muddesi-turaly-aytty-61058851.html
"Тіпті АҚШ-қа да сенбеймін": Макрон Еуропаның мүддесі туралы айтты
"Тіпті АҚШ-қа да сенбеймін": Макрон Еуропаның мүддесі туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа өз мүддесін қорғау үшін Украина мәселесі бойынша келіссөз үстеліне өзі отыруы... 10.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-10T14:51+0500
2026-02-10T14:51+0500
2026-02-10T14:51+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0b/53444886_0:0:1722:969_1920x0_80_0_0_6f081e3fbcabe561f2976787866f2d5d.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа өз мүддесін қорғау үшін Украина мәселесі бойынша келіссөз үстеліне өзі отыруы керектігін, өйткені ешкімге, тіпті АҚШ-қа да сенбейтінін мәлімдеді.Өткен аптада Ресей, Украина және АҚШ өкілдері қатысқан жұмыс тобы Дубайда жабық келіссөз өткізді. Бұған дейін, 23-24 қаңтар күндері келіссөздің алғашқы раунды өткен болатын.Франция президенті Вашингтонға "иіле беру" стратегиясы нәтиже бермегенін атап өтті.Макронның айтуынша, Париж Мәскеумен қарым-қатынас арналарын қайта қалпына келтіріп жатыр."Біз техникалық деңгейде талқылау арналарының жұмысын қайта жандандырдық. Кейіннен бұл тәсілді еуропалық серіктестерім де қолдап, Еуропаның жақсы ұйымдастырылған ортақ ұстанымы қалыптасқанын қалаймын", – деді Франция президенті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0b/53444886_40:0:1543:1127_1920x0_80_0_0_69602b8635afe7c383610d73b32fb434.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"Тіпті АҚШ-қа да сенбеймін": Макрон Еуропаның мүддесі туралы айтты
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа өз мүддесін қорғау үшін Украина мәселесі бойынша келіссөз үстеліне өзі отыруы керектігін, өйткені ешкімге, тіпті АҚШ-қа да сенбейтінін мәлімдеді.
"Еуропа Украинада бейбітшілікке тезірек қол жеткізу үшін келіссөз үстеліне отыруы керек деп санаймын, себебі біз еуропа мүддесін қорғауға тиіспіз. Ал мұны мен ешкімге, тіпті АҚШ-қа да сеніп тапсырмаймын", – деді Макрон еуропалық басылымдарға берген сұхбатында.
Өткен аптада Ресей, Украина және АҚШ өкілдері қатысқан жұмыс тобы Дубайда жабық келіссөз өткізді. Бұған дейін, 23-24 қаңтар күндері келіссөздің алғашқы раунды өткен болатын.
Франция президенті Вашингтонға "иіле беру" стратегиясы нәтиже бермегенін атап өтті.
"Мен ешқашан АҚШ-ты, оның халқын немесе басшылығын қорлаған емеспін. Оларды келемеждеген де жоқпын, өйткені АҚШ – өте ірі демократия деп есептеймін. Алайда ашық агрессия жағдайында біз иіле бермеуіміз керек. Біз бұл стратегияны бірнеше ай бойы қолданып көрдік, бірақ ол нәтиже бермеді", – деп келтіреді Макронның сөзін Tagesanzeiger басылымы.
Макронның айтуынша, Париж Мәскеумен қарым-қатынас арналарын қайта қалпына келтіріп жатыр.
"Біз техникалық деңгейде талқылау арналарының жұмысын қайта жандандырдық. Кейіннен бұл тәсілді еуропалық серіктестерім де қолдап, Еуропаның жақсы ұйымдастырылған ортақ ұстанымы қалыптасқанын қалаймын", – деді Франция президенті.