https://sputnik.kz/20260210/qazaqstanda-ondeletin-munaydyn-kolemi-274-million-tonnaga-deyin-artady-61057318.html
Өңделетін мұнайдың көлемі 27,4 миллион тоннаға дейін артады
Өңделетін мұнайдың көлемі 27,4 миллион тоннаға дейін артады
Sputnik Қазақстан
Тоқаев үкіметке жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты байыпты шешім қабылдауды тапсырды 10.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-10T13:33+0500
2026-02-10T13:33+0500
2026-02-10T13:48+0500
мұнай
мұнай өңдеу зауыты
зауыт
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60249272_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_c9656aa2149eda9c1b5919312238969f.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мұнай зауытын салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстанда жылына шамамен 100 миллион тонна мұнай өндіріледі. Соның тек 18 миллион тоннасы ғана қайта өңделеді.Қазіргі зауыттарды жаңғыртудың нәтижесінде Қазақстанда өңделетін мұнайдың көлемін 18,4 миллион тоннадан 27,4 миллион тоннаға дейін арттыруға болады."Үкімет жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты байыпты шешім қабылдауы қажет. Ең алдымен, мұнай өңдеу зауытына шикізат қайдан жеткізілетінін, қандай өнімді және қанша көлемде өндіретінін дұрыс есептеу керек. Бұл жобаны іске асыруға, егер жүзеге асса, жеке инвестор тарту керек болады. Бүгінде мұндай ірі жобаны тек мемлекет қаржысына салу өте тиімсіз", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/09/60249272_122:0:1082:720_1920x0_80_0_0_7f321b6e1b8804253f2d265ada4b8377.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, мұнай өңдеу зауыты, зауыт
мұнай, мұнай өңдеу зауыты, зауыт
Өңделетін мұнайдың көлемі 27,4 миллион тоннаға дейін артады
13:33 10.02.2026 (жаңартылды: 13:48 10.02.2026) Тоқаев үкіметке жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты байыпты шешім қабылдауды тапсырды
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа мұнай зауытын салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда жылына шамамен 100 миллион тонна мұнай өндіріледі. Соның тек 18 миллион тоннасы ғана қайта өңделеді.
"Біз мұнай өндіруші ел болсақ та, жыл өткен сайын дизель отыны бойынша тапшылық пайда болып жатыр, авиациялық керосин бойынша да импортқа тәуелді болып отырмыз. Сондықтан отынға деген сұраныстың жоғары екенін ескере отырып, елімізде жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту керек", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Қазіргі зауыттарды жаңғыртудың нәтижесінде Қазақстанда өңделетін мұнайдың көлемін 18,4 миллион тоннадан 27,4 миллион тоннаға дейін арттыруға болады.
"Үкімет жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысына қатысты байыпты шешім қабылдауы қажет. Ең алдымен, мұнай өңдеу зауытына шикізат қайдан жеткізілетінін, қандай өнімді және қанша көлемде өндіретінін дұрыс есептеу керек. Бұл жобаны іске асыруға, егер жүзеге асса, жеке инвестор тарту керек болады. Бүгінде мұндай ірі жобаны тек мемлекет қаржысына салу өте тиімсіз", - деп атап өтті мемлекет басшысы.