https://sputnik.kz/20260210/koreyik-toqaev-ministr-keltirgen-malimetti-tekseretinin-aytty-61052598.html
"Көрейік": Тоқаев министр келтірген мәліметті тексеретінін айтты
"Көрейік": Тоқаев министр келтірген мәліметті тексеретінін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтен отандық бағдарламаларды дамыту жайында... 10.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-10T11:38+0500
2026-02-10T11:38+0500
2026-02-10T11:38+0500
қасым-жомарт тоқаев
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0a/61052432_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_f5eafbed48ac4dbd1644b7a7b5b04fb9.jpg
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтен отандық бағдарламаларды дамыту жайында сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мәдиев баяндама жасады. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бір-екі сұрағым бар деді. Президент алдымен KazLLM бағдарламасы жайында сұрақ қойды.Министр KazLLM-нен бөлек AlemLLM тілдік модельдің бар екенін жеткізді. Барлығы қолжетімді. Бірақ сапасын үнемі арттырып отыру қажет.Министр ақаулардың бар екенін мойындады. Оның айтуынша, ірі компанияларға ілесу оңай емес. Олар үнемі өз өнімдерін жаңартып отырады.Осы орайда президент KazLLM-ді пайдаланып жатқан адамдардың санын сұрады. Министрдің мәліметіне сәйкес, ондай пайдаланушылардың саны 600 мыңнан асты. Алайда Мәдиев Қазақстандағы ChatGPT пайдаланатын адамдардың нақты санын айта алмады. "Халықтың 13 проценті", - деп қысқа ғана қайырды.Тоқаев Aitu мессенджері жайында да сұрады. Министр осы мессенджерді 700 мыңнан астам пайдаланатынын жеткізді. Ал Тоқаев бұл мәліметті тексеретінін айтты."Көрейік, бұны тексеріп алу керек", - деді президент.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/0a/61052432_0:0:1125:844_1920x0_80_0_0_54f208d3a6cda4de990be6d1b6640d4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жасанды интеллект
қасым-жомарт тоқаев, жасанды интеллект
"Көрейік": Тоқаев министр келтірген мәліметті тексеретінін айтты
АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтен отандық бағдарламаларды дамыту жайында сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мәдиев баяндама жасады. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бір-екі сұрағым бар деді. Президент алдымен KazLLM бағдарламасы жайында сұрақ қойды.
"Сіз оны іске қостық деп айттыңыз. Бірақ менің білуімше, бұл бағдарламаға сұраныс әлі төмен. Себебі ақаулары көп. Жұрт ChatGPT-ге жүгінеді. KazLLM-ге көшкісі келмейді. Сондықтан KazLLM-ның айналасында не болып жатыр деген сұрағым бар. Не айтасыз?",-деді Тоқаев.
Министр KazLLM-нен бөлек AlemLLM тілдік модельдің бар екенін жеткізді. Барлығы қолжетімді. Бірақ сапасын үнемі арттырып отыру қажет.
"Ол үшін біз халықаралық сарапшылармен бірге осы жұмысты жалғастырамыз", - деп атап өтті Мәдиев.
Министр ақаулардың бар екенін мойындады. Оның айтуынша, ірі компанияларға ілесу оңай емес. Олар үнемі өз өнімдерін жаңартып отырады.
Осы орайда президент KazLLM-ді пайдаланып жатқан адамдардың санын сұрады. Министрдің мәліметіне сәйкес, ондай пайдаланушылардың саны 600 мыңнан асты. Алайда Мәдиев Қазақстандағы ChatGPT пайдаланатын адамдардың нақты санын айта алмады. "Халықтың 13 проценті", - деп қысқа ғана қайырды.
Тоқаев Aitu мессенджері жайында да сұрады. Министр осы мессенджерді 700 мыңнан астам пайдаланатынын жеткізді. Ал Тоқаев бұл мәліметті тексеретінін айтты.
"Көрейік, бұны тексеріп алу керек", - деді президент.