Қазақстан шекарасында карантиндік бақылау күшейтілді

© Photo : Пресс-служба КНБШекарашылар
Шекарашылар - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2026
Жазылу
Қазіргі кезде медициналық ұйымдар жоғары дайындық режиміне ауыстырылды
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылаудың күшейтілгенін хабарлады.
"Оңтүстік-Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді", - делінген ресми хабарламада.
Үндістанды қоса алғанда, осы инфекция бойынша қолайсыз елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Мұндай мемлекеттердің тізімі үнемі жаңартылып отырады.
Ал халықаралық әуежайларда қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қою бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығулар өткізіледі. Қазіргі кезде медициналық ұйымдар жоғары дайындық режиміне ауыстырылды. Дәрілік заттар, жеке қорғану құралдары мен дезинфекциялық препараттардың қорлары жасақталды.
Бұған дейін Sputnik Қазақстанға сұхбат берген санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев Нипах вирусы несімен қауіпті екенін айтқан.
Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Алпысбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2026
Нипах вирусын жұқтырмау үшін не істеу керек – маман кеңесі
Жаңалықтар
0