Маңғыстаудың денсаулық сақтау саласында 600 млн теңге ұрланған

Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2026
Жазылу
Өңірдегі медициналық ұйымдар жалған медициналық қызмет көрсеткен
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Маңғыстау облысының прокуратурасы денсаулық сақтау саласындағы миллиондаған бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады.
Өңірдегі медициналық ұйымдар жалған медициналық қызмет көрсеткен, денсаулық сақтау субъектілері біліктілік талаптарына сәйкес келмеген. Сондай-ақ саланы сыбайлас жемқорлық жайлағаны анықталды.
"Атап айтқанда, ұйымдардың бірін тексеру барысында 600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. Алушылардың банктік деректемелерін ауыстыру арқылы қаражаттар заңсыз алынып, аффилирленген шоттарға аударылған", - дейді прокуратура.
Сонымен қатар көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін ақы төлеу фактілері тіркелді.
Аталған мән-жайлар бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оларды арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
0