https://sputnik.kz/20260209/khalyqaralyq-sarapshy-qazaqstannyn-otyn-energetika-keshenin-tsifrlandyruga-komektesedi-61046109.html
Халықаралық сарапшы Қазақстанның отын-энергетика кешенін цифрландыруға көмектеседі
Халықаралық сарапшы Қазақстанның отын-энергетика кешенін цифрландыруға көмектеседі
Sputnik Қазақстан
Меморандум аясында тараптар энергетика саласында жасанды интеллект-агентін құру бойынша пилоттық жобаны пысықтау және іске асыру бойынша ынтымақтастықты... 09.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-09T21:26+0500
2026-02-09T21:26+0500
2026-02-09T21:26+0500
қр энергетика министрлігі
ынтымақтастық
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07ea/02/09/61045811_0:94:946:626_1920x0_80_0_0_75e88cbaa2fce1b9a994c38cb399b783.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жасанды интеллект саласындағы танымал халықаралық сарапшы, ғалым және кәсіпкер Ли Кай-Фумен кездесті.Кездесу барысында тараптар отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелерін, жасанды интеллектіні дамытудың әлемдік үрдістерін, сондай-ақ энергетика саласы нысандарының тиімділігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін талқылады.Ли Кай-Фу қолданбалы жасанды интеллект шешімдерін енгізудің халықаралық тәжірибесімен және ірі индустриялық жүйелерде жасанды интеллектіні пайдалану тәсілдерімен бөлісті.Меморандум аясында тараптар энергетикада қолданбалы жасанды интеллект шешімдерін енгізу, соның ішінде салада қолдану үшін жасанды интеллект-агентін құру бойынша пилоттық жобаны пысықтау және іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті.
https://sputnik.kz/20260130/zhasandy-intellekt-balalardyn-qauipsizdigin-baqylaydy-60813558.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/09/61045811_0:5:946:715_1920x0_80_0_0_c7764ebc0e7463a29bc736dcaff8d82e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қр энергетика министрлігі, ынтымақтастық, жасанды интеллект
қр энергетика министрлігі, ынтымақтастық, жасанды интеллект
Халықаралық сарапшы Қазақстанның отын-энергетика кешенін цифрландыруға көмектеседі
Меморандум аясында тараптар энергетика саласында жасанды интеллект-агентін құру бойынша пилоттық жобаны пысықтау және іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жасанды интеллект саласындағы танымал халықаралық сарапшы, ғалым және кәсіпкер Ли Кай-Фумен
кездесті.
Кездесу барысында тараптар отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелерін, жасанды интеллектіні дамытудың әлемдік үрдістерін, сондай-ақ энергетика саласы нысандарының тиімділігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Ли Кай-Фу қолданбалы жасанды интеллект шешімдерін енгізудің халықаралық тәжірибесімен және ірі индустриялық жүйелерде жасанды интеллектіні пайдалану тәсілдерімен бөлісті.
"Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арасында Қазақстанның отын-энергетика кешенін цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды", - деп жазылған хабарламада.
Меморандум аясында тараптар энергетикада қолданбалы жасанды интеллект шешімдерін енгізу, соның ішінде салада қолдану үшін жасанды интеллект-агентін құру бойынша пилоттық жобаны пысықтау және іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті.