https://sputnik.kz/20260209/elektrosamokattar-kolik-quralyna-tenestiriledi--negizgi-ozgerister-talqylandy-61037399.html
Электросамокат көлік құралына теңестіріледі – негізгі өзгерістер талқыланды
Электросамокат көлік құралына теңестіріледі – негізгі өзгерістер талқыланды
Sputnik Қазақстан
Былтыр Алматы қаласында электросамокаттың қатысуымен болған 386 жол апаты тіркелді 09.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-09T13:23+0500
2026-02-09T13:23+0500
2026-02-09T13:47+0500
мопед
алматы
https://sputnik.kz/img/1106/27/11062702_0:104:3073:1832_1920x0_80_0_0_1cb3664032635fb2603d8552465371b4.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Алматыда электросамокатты пайдалануды реттеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.Кеңес отырысында электросамокатты ресми түрде көлік құралы ретінде тануға қатысты заңнамалық өзгерістер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа нормалар жалға берілетін электросамокатты пайдалану үшін бірыңғай әрі міндетті талаптарды енгізуді көздейді. Сонымен бірге бизнес субъектілері үшін өтпелі кезең қарастырылған.Полиция мәліметіне сәйкес, былтыр Алматы қаласында электросамокаттың қатысуымен 386 жол апаты тіркеліп, 400-ден астам адам зардап шеккен. Самокат мінгендерге қатысты 24 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 10 мыңнан аса электросамокат арнайы тұрақтарға қойылды.Кеңесте кикшеринг операторларына қойылатын талаптар да қаралды. Соның ішінде міндетті сақтандыруды енгізу, электросамокатты нөмірлік белгілермен жабдықтау, геозоналау жүйесін қолдану және ішкі істер министрлігінің дерекқорларымен интеграциялау мәселелері бар.Айта кетері, кеңес жұмысына полиция, прокуратура, қала әкімдігі мен кикшеринг қызметін көрсететін компаниялардың өкілдері қатысты.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/27/11062702_75:0:2806:2048_1920x0_80_0_0_0d2b5826ecc055241962f685bda0b35c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мопед, алматы
Электросамокат көлік құралына теңестіріледі – негізгі өзгерістер талқыланды
13:23 09.02.2026 (жаңартылды: 13:47 09.02.2026) Былтыр Алматы қаласында электросамокаттың қатысуымен болған 386 жол апаты тіркелді
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Алматыда электросамокатты пайдалануды реттеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ішкі істер министрлігінің ресми
сайтына сілтеме жасап.
Кеңес отырысында электросамокатты ресми түрде көлік құралы ретінде тануға қатысты заңнамалық өзгерістер жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа нормалар жалға берілетін электросамокатты пайдалану үшін бірыңғай әрі міндетті талаптарды енгізуді көздейді. Сонымен бірге бизнес субъектілері үшін өтпелі кезең қарастырылған.
"Электросамокаттар бүгінде жол қозғалысының толыққанды қатысушысына айналды. Сондықтан оларға қойылатын талаптар да өзге көлік құралдарына белгіленген ережелер секілді нақты әрі міндетті болуға тиіс", - дейді полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов.
Полиция мәліметіне сәйкес, былтыр Алматы қаласында электросамокаттың қатысуымен 386 жол апаты тіркеліп, 400-ден астам адам зардап шеккен. Самокат мінгендерге қатысты 24 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 10 мыңнан аса электросамокат арнайы тұрақтарға қойылды.
Кеңесте кикшеринг операторларына қойылатын талаптар да қаралды. Соның ішінде міндетті сақтандыруды енгізу, электросамокатты нөмірлік белгілермен жабдықтау, геозоналау жүйесін қолдану және ішкі істер министрлігінің дерекқорларымен интеграциялау мәселелері бар.
"Мопедтерді реттеу тәжірибесі жүйелі әрі қатаң шаралардың тиімді екенін көрсетті. Мұндай тәсіл жол апаттарын азайтып, тәртіпті күшейтеді. Дәл осы әдіс электросамокатқа да қолданылады. Бұл - азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам", - деп атап өтті Қабдулдинов.
Айта кетері, кеңес жұмысына полиция, прокуратура, қала әкімдігі мен кикшеринг қызметін көрсететін компаниялардың өкілдері қатысты.