https://sputnik.kz/20260209/aziya-infraqurylymdyq-investitsiyalar-banki-qazaqstandagy-auqymdy-zhobalarga-qatysady-61043198.html
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстандағы ауқымды жобаларға қатысады
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстандағы ауқымды жобаларға қатысады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта банк Көкшетаудағы аурухана құрылысы, жел электр стансасы, тас жол учаскелері және Алматы қаласын айналып өтетін теміржол салу жобаларына қаржы... 09.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-09T17:09+0500
2026-02-09T17:09+0500
2026-02-09T17:11+0500
президент
банк
қаржыландыру
https://sputnik.kz/img/07ea/02/09/61042878_0:62:1280:782_1920x0_80_0_0_9f3974f9b14d69f6af3d8c3061853559.jpg
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Президент Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі еліміздің маңызды стратегиялық серіктесі саналатынын атап өтті. Қаржы институты Қазақстанда басымдыққа ие инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысады.Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойылған Серіктестік туралы негіздемелік келісімді құптады. Аталған құжаттың орнықты экономикалық дамуды ілгерілету мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда мәні зор.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Цзоу Цзяиді жуырда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті болып тағайындалуымен құттықтады.Цзоу Цзяи Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстанның энергетика, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым секторларындағы бірқатар ірі жобаға қолдау көрсеткенін жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Цзоу Цзяи бірлескен қызмет аясын тереңдетуге айтарлықтай мүмкіндік бар екеніне тоқталды. Таяу жылдары Қазақстан инфрақұрылым секторын жаңғырту бойынша ауқымды жоспарды жүзеге асыруға ниетті. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі осы стратегиялық бастамаларға белсене атсалысуға дайын.Қазіргі уақытта банк Көкшетау қаласындағы көпбейінді аурухана құрылысы, қуаты 220 МВт болатын жел электр стансасы, Жезқазған – Қарағанды, Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын автокөлік жолдарының учаскелері және Алматы қаласын айналып өтетін теміржол салу жобаларына қаржы бөліп отыр.
https://sputnik.kz/20260209/toqaev-aleumettik-komektin-muqtazh-zhandarga-zhetuin-baqylaudy-kusheytudi-tapsyrdy-61035378.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/09/61042878_78:0:1202:843_1920x0_80_0_0_4ae1652f0580bbb495923ecd256de4b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, банк, қаржыландыру
президент, банк, қаржыландыру
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстандағы ауқымды жобаларға қатысады
17:09 09.02.2026 (жаңартылды: 17:11 09.02.2026) Қазіргі уақытта банк Көкшетаудағы аурухана құрылысы, жел электр стансасы, тас жол учаскелері және Алматы қаласын айналып өтетін теміржол салу жобаларына қаржы бөліп отыр
АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Президент Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті Цзоу Цзяиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесуде мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі еліміздің маңызды стратегиялық серіктесі саналатынын атап өтті. Қаржы институты Қазақстанда басымдыққа ие инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қол қойылған Серіктестік туралы негіздемелік келісімді құптады. Аталған құжаттың орнықты экономикалық дамуды ілгерілету мен өңірлік ынтымақтастықты нығайтуда мәні зор.
"Банкпен бірге жалпы сомасы 2,6 миллиард доллардан асатын 9 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Мұның бәрі өзара ықпалдастығымыз бен байланысымызды жандандыра түсетініне сенімдімін", – деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Цзоу Цзяиді жуырда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенті болып тағайындалуымен құттықтады.
Цзоу Цзяи Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстанның энергетика, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым секторларындағы бірқатар ірі жобаға қолдау көрсеткенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Цзоу Цзяи бірлескен қызмет аясын тереңдетуге айтарлықтай мүмкіндік бар екеніне тоқталды. Таяу жылдары Қазақстан инфрақұрылым секторын жаңғырту бойынша ауқымды жоспарды жүзеге асыруға ниетті. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі осы стратегиялық бастамаларға белсене атсалысуға дайын.
Қазіргі уақытта банк Көкшетау қаласындағы көпбейінді аурухана құрылысы, қуаты 220 МВт болатын жел электр стансасы, Жезқазған – Қарағанды, Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын автокөлік жолдарының учаскелері және Алматы қаласын айналып өтетін теміржол салу жобаларына қаржы бөліп отыр.