Роза Зергерлі Рымбаеваға тосынсый жасады

© Sputnik/Ертай СарбасовГала-концерт "Азия Дауысы" на Медео
Гала-концерт Азия Дауысы на Медео - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2026
Жазылу
Қонақтың күтпеген жерден сахнаға шығуы Роза Рымбаеваға ерекше эмоция сыйлады
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылығына 50 жыл толуына арналған кешке әзербайжан әншісі Роза Зергерлі арнайы келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Өнер иесінің айтуынша, ол Роза Қуанышқызының мерейтойлық концертіне қатысу үшін Алматыға арнайы ұшқан. Қонақтың күтпеген жерден сахнаға шығуы Роза Рымбаеваға ерекше әсер етіп, шынайы эмоция сыйлады. Әнші танымал аттасының келетінін білмегенін, бұл жағдай қатты толқытқанын жасырмады.
Сахнада Роза Қуанышқызы өзінің үлкен шығармашылық жолының басталуына қатысты жылы естелігін бөлісті. Оның айтуынша, 1979 жылы "Песня года" фестивалінде "Любовь настала" әнін орындағаннан кейін Зергерлінің әкесі қызына Рымбаеваның құрметіне Роза есімін қоюды ұйғарған.
Ал Роза Зергерлі мерейтой иесіне үлкен гүл себетін табыстап, бүкіл әзербайжан халқының ыстық сәлемін жеткізді.
Роза Рымбаева Қырғызстанның Халық әртісі атағын алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
Мәдениет
Алтынбек Қоразбаев пен Роза Рымбаева "Қырғызстанның Халық әртісі" атағын алды
Жаңалықтар
0