Қазақстанның екі облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2026
Жазылу
Жолдарды 9 ақпан сағат 02:00-де ашу жоспарланған
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның екі облысындағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
2026 жылғы 8 ақпан сағат 16:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді:
Алматы облысы
"РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы" автожолының 59-143 шақырым аралығы (Жаңақұрылыс ауылы – Жамбыл облысы шекарасы).
Жамбыл облысы
"РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы, Қордай асуының жаңа айналма жолы" автожолының 143-214 шақырым аралығы (Алматы облысы шекарасы – Қордай ауылы).
Жолдарды 2026 жылғы 9 ақпан сағат 02:00-де ашу жоспарланған.
Жаңалықтар
0