https://sputnik.kz/20260208/otm-mumbai-2026-almaty-qalalyq-turizmnin-koshbasshylarynyn-biri-retinde-tanyldy-61018200.html
OTM Mumbai 2026: Алматы қалалық туризмнің көшбасшыларының бірі ретінде танылды
OTM Mumbai 2026: Алматы қалалық туризмнің көшбасшыларының бірі ретінде танылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі OTM Mumbai 2026 көрмесіне қатысты, деп хабарлайды әкімдіктің... 08.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-08T12:30+0500
2026-02-08T12:30+0500
2026-02-08T12:30+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07ea/02/08/61018349_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_628d2c9ca0d778d2bb395b08d0763c52.jpg
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі OTM Mumbai 2026 көрмесіне қатысты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Көрмеде туроператорлар, әуе тасымалдаушылар, қонақ үй брендтері мен ұлттық туристік кеңселерді қамтыған әлемдік туристік саланың негізгі өкілдері бас қосты.Көрме барысында Алматының туристік әлеуеті заманауи дизайн мен ұлттық нақышты ұштастырған стенд арқылы таныстырылды. Экспозицияда қазақтың дәстүрлі мәдени элементтері, ұлттық ою-өрнектер және заманауи мультимедиялық шешімдер үйлесім тапты.Көрме қорытындысы бойынша Алматы стенді "Қалалық туризмді үздік таныстырғаны үшін" марапатына ие болды. Бұл қаланы халықаралық нарықта таныстыру жұмысының тиімділігін және шетелдік аудиторияның жоғары қызығушылығын көрсетті.OTM Mumbai 2026 аясында Алматы делегациясы жетекші туроператорлармен, әуе компаниялармен және халықаралық қонақүй желілерімен 100-ден астам B2B кездесу өткізді. Келіссөздер шетелден келетін туристер санын арттыруға, жаңа туристік бағыттар мен өнімдерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталды. Әсіресе, болашағы зор үнді нарығына басымдық берілді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/02/08/61018349_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_71aec04001a1e0ff7442f88631787975.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
OTM Mumbai 2026: Алматы қалалық туризмнің көшбасшыларының бірі ретінде танылды
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Алматы қаласы Азиядағы ең ірі халықаралық туристік көрмелердің бірі OTM Mumbai 2026 көрмесіне қатысты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Көрмеде туроператорлар, әуе тасымалдаушылар, қонақ үй брендтері мен ұлттық туристік кеңселерді қамтыған әлемдік туристік саланың негізгі өкілдері бас қосты.
Көрме барысында Алматының туристік әлеуеті заманауи дизайн мен ұлттық нақышты ұштастырған стенд арқылы таныстырылды. Экспозицияда қазақтың дәстүрлі мәдени элементтері, ұлттық ою-өрнектер және заманауи мультимедиялық шешімдер үйлесім тапты.
Көрме қорытындысы бойынша Алматы стенді "Қалалық туризмді үздік таныстырғаны үшін" марапатына ие болды. Бұл қаланы халықаралық нарықта таныстыру жұмысының тиімділігін және шетелдік аудиторияның жоғары қызығушылығын көрсетті.
OTM Mumbai 2026 аясында Алматы делегациясы жетекші туроператорлармен, әуе компаниялармен және халықаралық қонақүй желілерімен 100-ден астам B2B кездесу өткізді. Келіссөздер шетелден келетін туристер санын арттыруға, жаңа туристік бағыттар мен өнімдерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталды. Әсіресе, болашағы зор үнді нарығына басымдық берілді.