Олимпиада-2026: 8 ақпанда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті

© Photo : Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіОлимпиада-2026: 8 ақпанда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті
Олимпиада-2026: 8 ақпанда қазақстандық спортшылар қалай өнер көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2026
Жазылу
Екінші жарыс күнінде биатлоншылар мен шаңғышылар бақ сынады
АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында бүгін Қазақстан құрамасының өкілдері екі спорт түрінен сынға түсті, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.
Биатлоншы Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов, Милана Генёва және Айша Ракишева жарысты 21-орынмен аяқтады.
Олимпиадада жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Франция құрамасы көтерілді. Италия күміс жүлдеге ие болса, қола медаль Германияға бұйырды.
Ал шаңғы жарысынан ерлер арасындағы скиатлонда (10 шақырым + 10 шақырым) Қазақстан құрамасы сапынан Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков өнер көрсетті. Әмірғали Мұратбеков 45-орынмен мәреге жетсе, Наиль Башмаков 49-нәтижесін тіркеді.
Алтын жүлдені норвегиялық Йоханнес Клебо жеңіп алды. Күміс медаль Франция спортшысы Матис Деложға бұйырды. Норвегия өкілі Мартин Ньенгет қола жүлдемен жарысты аяқтады.
Михаил Шайдоров - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2026
Спорт
Қысқы Олимпиада ойындары: қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Жаңалықтар
0