Ресей тарихты бұрмалауға тырысатын әрекеттермен күресетін болады – Мария Захарова
17:08 07.02.2026 (жаңартылды: 18:49 29.05.2026)

© Sputnik / Сергей Гунеев
/ Жазылу
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Ресей тарихты және Екінші Дүниежүзілік соғыс туралы шындықты бұрмалауға тырысатын әрекеттермен күресетін болады. Бұл туралы РФ сыртық істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Захарованың айтуынша, бүгінде осы саладағы жұмыс бірнеше бағытта атқарылып жатыр.
"Екінші Дүниежүзілік соғыс туралы шындықты және тарихты бұрмалауға тырысатын әрекеттермен шынайы ақпарат пен жақтастарымызды біріктіру арқылы күресіп жатырмыз", - деді Захарова.
Министрліктің ресми өкілі Еуропарламентің ревизионистік қарарларын да сынға алды. Еуропада "Екінші Дүниежүзілік соғыс өртін тұтатуға екі тоталитарлық режим де жауапты" деп санайды.
"Ал КСРО мен Үшінші рейхті теңестіру Нюрнберг трибуналының үкіміне және БҰҰ Жарғысына қайшы. Ондай шешімдер соғыстан кейінгі әлемдік ахуал негіздерінің беделін кетіреді", - дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, Еуропа кеңесі жанындағы "Тарихты оқыту обсерваториясы" Ресейдің әлем және құрлық тарихындағы рөлін бұрмауға кірісті. Ондай әрекеттер мектеп партасына да жеткен.