https://sputnik.kz/20260207/eqyu-ukraina-boyynsha-dialog-alany-boluga-dayyn---kassis-61008353.html
ЕҚЫҰ Украина бойынша диалог алаңы болуға дайын - Кассис
ЕҚЫҰ Украина бойынша диалог алаңы болуға дайын - Кассис
Sputnik Қазақстан
Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис пен ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Феридун Синирлиоглу Мәскеуге екі күндік сапармен келді 07.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-07T15:03+0500
2026-02-07T15:03+0500
2026-02-07T15:03+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55841206_0:478:2790:2048_1920x0_80_0_0_19fd4b6f02b61dddcceb88bdc47f9d2b.jpg
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының қазіргі төрағасы және Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис ЕҚЫҰ Украина бойынша диалог алаңы болғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.Бейсенбі күні Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис пен ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Феридун Синирлиоглу Мәскеуге екі күндік сапармен келді.Жұма күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер барысында Кассис ұйымның Украинадағы атысты тоқтатуға қол жеткізудегі рөлін талқылағысы келетінін мәлімдеді.Бұған дейін Сергей Лавров "Российская газетаға" жарияланған мақаласында ұйымның қазіргі жағдайын сынап, НАТО елдері ЕҚЫҰ-ны жалпыеуропалық мақсаттарға залал келтіре отырып, Батыс мүдделерін ілгерілету механизміне айналдырды деп мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260207/shvetsiya-ukrainaga-9-mlrd-dollar-koleminde-askeri-komek-korsetti-61004909.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55841206_228:168:2735:2048_1920x0_80_0_0_7e2d07bef8086e089d638ac87ab6988e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ЕҚЫҰ Украина бойынша диалог алаңы болуға дайын - Кассис
Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис пен ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Феридун Синирлиоглу Мәскеуге екі күндік сапармен келді
АСТАНА, 7 ақпан - Sputnik. Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының қазіргі төрағасы және Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис ЕҚЫҰ Украина бойынша диалог алаңы болғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Біз бұл мәселелерді бірлесіп талқыладық. Бірақ қазір Ресей мен Украина ұсыныстарды қарастырып, өз құрылымдарында талқылап, содан кейін Венадағы миссиялары арқылы өз пікірлерін білдіруі керек. Сонда ұйым осы талқылауға қатыса алады. Біздің ойымызша, жаңа диалог құру бірінші қадам болуы керек. Біз диалог алаңы болғымыз келеді. Дегенме, соңғы апталарда біз шынайы диалогты көрген жоқпыз", - деді ол.
Бейсенбі күні Швейцария сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис пен ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Феридун Синирлиоглу Мәскеуге екі күндік сапармен келді.
Жұма күні Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер барысында Кассис ұйымның Украинадағы атысты тоқтатуға қол жеткізудегі рөлін талқылағысы келетінін мәлімдеді.
Бұған дейін Сергей Лавров "Российская газетаға" жарияланған мақаласында ұйымның қазіргі жағдайын сынап, НАТО елдері ЕҚЫҰ-ны жалпыеуропалық мақсаттарға залал келтіре отырып, Батыс мүдделерін ілгерілету механизміне айналдырды деп мәлімдеді.